Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қоғамда сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­стырып, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалармен қатар, еліміздің кез келген азаматы да ат салыса алады. Ол дегеніміз кез келген адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру; кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де түрде жәрдем көрсете алады.  

Кез келген азамат сыбайлас жемқорлық фактісі туралы мобильді телефоннан  немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу арқылы хабарлай алады, ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және күтілетін қылмыстар жайында хабарламаларды қабылдау тәулік бойы қамтамасыз етіледі. 

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп төндіретін ең күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі. Ол мемлекеттік басқару жүйесін әлсіретіп, экономикалық және саяси тұрақсыздыққа әкеледі. Сондықтан кез келген елдің өркендеуі үшін жемқорлықпен күресу маңызды.

Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғалардың өз қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасы үшін заңсыз пайдалануы.

Әлемді жаулаған бұл кеселмен, сыбайлас жемқорлықпен  күресу үшін Қазақстандағы барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ұстанымы қажет. Біз баршамыз бірігіп күрес жүргізгенде ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін басты кедергілердің бірі. Қазақстанда бұл мәселеге қарсы күрес жүргізіліп жатқанымен, оның түпкілікті жойылуы үшін әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды. Әділдік, ашықтық және заң үстемдігі – нағыз дамыған қоғамның негізі. Сондықтан жемқорлықты азайту – ел болашағы үшін ортақ міндет.

 

 

«Мұнайлы ауданаралық аумақтық

мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалы

 

Дата публикации
31 марта 2025
Дата обновления
31 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы