Меню

Страницы

Статья

Борышкерге іздеу жариялау туралы

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 15-бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізудің тараптары борышкер және өндіріп алушы болып табылады.

Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін, міндетті түрде борышкерге қатысты барлық ақпаратты атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (әрі қарай – АІЖО ААЖ) сұраныс жіберу арқылы анықтайды.

АІЖО ААЖ-нен алынған сұраныста борышкердің мекен-жайы, борышкердің атындағы мүлігі және жұмыс орыны туралы сұраныс нәтижесіз немесе қате ақпарат болса сот орындаушысы борышкерді іздестіру органдарына жүгінеді.

Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде Заңның 45-бабына сәйкес, сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Сот орындаушысының борышкерге іздеу салу туралы қаулысын прокурор санкциялайды.

Борышкерге іздеу салу жарияланған кезде, Заңның 42-бабының 14-тармақшасына сәйкес, сот орындаушысының борышкерге іздеу салу туралы қаулысына прокурор санкция бергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұруға тиіс.

Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.

Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.

Алайда, борышкердің іздеу салуда болуы оның мүлкінен өндіріп алуға кедергі болмайды.

Борышкердің орналасқан жері белгілі болған кезде, Заңның 46-бабына сәйкес, сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қайта жалғастыру туралы қаулы шығарып, атқарушылық іс жүргізуді қайта бастайды.

 

«Мұнайлы ауданаралық

аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі»

филиал басшысы мемлекеттік

аға сот орындаушысы

А.К.Жетимекова

Дата публикации
31 марта 2025
Дата обновления
31 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы