Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері

Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері

 

Атқарушылық іс жүргізу – сот актілерін, әкімшілік органдардың (лауазымды тұлғалардың) актілерін және басқа да атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату процесі. Бұл процесс Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен (әрі қарай – Заң) реттеледі.

Атқарушылық іс жүргізу тараптары өндіріп алушы және борышкер болып табылады.

  1. Өндіріп алушы – өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға.
  2. Борышкер – атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға.

Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

           Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.

Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.

Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізуге сот орындаушысы, үшінші тұлғалар, құқық қорғау органдары және басқа да мүдделі тараптар қатыса алады. Сот орындаушылары бұл процестің негізгі атқарушысы болып табылады және заңға сәйкес өз құзыреті шегінде әрекет етеді.

Атқарушылық іс жүргізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сот актілерін орындауға және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды процесс болып табылады.

 

 

 

«Мұнайлы ауданаралық

аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі»

филиалының мемлекеттік сот орындаушысы

Р.С.Эльмухаммедов

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы