Меню

Страницы

Статья

Географиялық нұсқама және оны тіркеу

Табиғат пен адам жеке ауылшаруашылық, азық-түлік және қолөнер өнімдеріне қайталанбас қасиеттер, сипаттамалар және ерекше бедел бере алады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, географиялық нұсқама түріндегі тауарлар мен өнімдердің географиялық шығу тегі туралы айрықша белгілері олардың сапасы мен ерекше сипаттамаларының кепілі болып табылады. Бұл сатып алушылар үшін мұндай белгілері жоқ басқа өнімдермен салыстырғанда қосымша құнға да қарамастан маңызды екендігі сөзсіз.

Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты әр кезеңде әр түрлі ауылшаруашылық өнімдері кеңінен танымал болды: Парма ірімшігі (пармезан ірімшігі) немесе Рокфор ірімшшігі; Бразилиялық кофе; цейлон шайы. Шараптар мен спирт өнімдерін алсақ: Бавария сырасы; Бордо шараптары; шампан (Франциядағы Шампан провинциясының шарабы). Адами фактор ықпал еткен тауарларға: швейцариялық сағат, богемия шынысы, иран кілемдері және т. б. жатқыздыруға болады.

Географиялық нұсқама (ГН) – белгілі бір географиялық шығу тегі бар және осы шығу тегіне байланысты қасиеттері немесе айрықша беделі бар өнімдерде қолданылатын белгі. ГН ретінде қызмет атқару үшін нұсқама белгілі бір жерден (географиялық аумақтан) шыққанын растау керек.

Мысалы, Алматы апортының 2 бірегей қасиеттері алма ағаштарының өсетін жерінің ерекше қасиеттерімен тікелей байланысты – бұл теңіз деңгейінен 900-1200 м биіктіктегі Алатау бөктері. Осы аймақтың (Алматы қ. және Алматы облысы) топырақ және климаттық жағдайлары - ның үйлесуі апорттың дәміне, құрылымына және сыртқы түріне әсер етеді. Апорт ұмытылмас иісімен, 700 граммға дейін жететін ірі жемістерімен, ерекше түсі және шығу тарихымен Қазақстан өнімінің жоғары сапасының кепілі және бренді болып табылады. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы апортының бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін екендігін мәлімдеген болатын.

ГН ұзақ тарихы бар және шыққан жерімен, табиғатымен және мәдениетімен тығыз байланысы бар ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер және өнеркәсіптік өнімдерге сілтеме жасау үшін қолданылады.

ГН оны тіркеу арқылы қорғау және қорғау Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде өндірілетін тауарлардың ұлттық брендін дамытуға, сондай-ақ олардың әлемдік нарықта танымалдылығын, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік саланы дамытуға ықпал етеді.

Географиялық нұсқама, әдетте, ұжымдық құқық болып табылады. Өндірушілер оларды ұсынатын кооператив немесе қауымдастық сияқты бірлестіктер ретінде ұйымдастырылуы мүмкін және өнімнің белгілі бір келісілген немесе қолданылатын талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді. Кейбір юрисдикцияларда қорғауды ұлттық құзыретті орган (мысалы, жергілікті билік органы) сұратуы мүмкін. Мысалы, көптеген елдерде ГН ауыл шаруашылығы министрліктеріне тіркеледі.

Географиялық нұсқама ретінде - ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, гастрономия, дәстүрлі тағамдар, шарап және спиртті өнімдер, қолөнер бұйымдары және дәстүрлі медицина тіркеле алады.

Жергілікті өнімнің дәстүрлі білімін, сапасы мен бірегей қасиеттерін біріктіре отырып, ГН экспорттық әлеуетті кеңейту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қуатты құрал бола алады. Оларды одан әрі ілгерілету мақсатында білім беру, маркетинг және мемлекеттің, бизнестің және өндірушілер қауымдастығының тығыз өзара іс-қимылы жөніндегі шараларды қамтитын кешенді тәсіл қажет

Географиялық нұсқаманың негізгі функциялары: шыққан жерін көрсету,қосымша құн және сапа кепілдігі.

Нұсқаманы тіркеу 6 қадамнан тұрады:

- Өтінім беру,

- Өтінім берілген күннен бастап 5 күн ішінде, ГН-ға өтінім туралы мәліметтерді жариялау;

- Мәлімделген белгіге сараптама жүргізу

- Географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы (оң) шешім шығару

- «Географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтініш беру (төлем 38 490,50 теңге).

ГН мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы мәліметтерді жариялау және куәлік беру.

ГН сараптама мерзімі: өтінім берілген күннен бастап 3 ай ішінде. Шығарылған/өндірілген жеріне байланысты тауарлар қосымша құн орнату мүмкіндігіне және тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Маркетингте артықшылықтар алу, ауылдық аудандарды дамыту, танымалдылықты арттыру, туристерді тарту, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, кең экспорттық мүмкіндіктер - ГН қорғау/тіркеу артықшылықтарының аз ғана тізімі. «ГУ» белгісі өнімді, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушыларын (тұтынушылар мен өндірушілер) біреудің ГН заңсыз пайдаланудан қорғай алады. ГН тұтынушыларға өнімнің шынайы шығу тегі мен сапасына кепілдік береді.

2024 жыл Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің басты тапсырмасы негізінде, Маңғыстау облысы бойынша географиялық нұсқама санын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2024 жылдың 12 айында 7 географиялық нұсқама «Ұлттық зияткерлік меншік институтына» тіркеуге жолданды.

Олар: ЖК А.Утемалиеваның (Мұнайлы шұжығы, Маңғыстау қазысы, Мунайлинские сососки), ЖШС «Каспиан Ривейра» (Маңғыстау осетры), ЖК А.Кулекешованың (Маңғыстау шұжықтары), ЖШС «Берекет-Ф» (Маңғыстау сүт өнімдері және Маңғыстау нан өнімдері).

Бүгінгі таңда ЖК А.Кулекешованың Маңғыстау шұжықтары атты тауары географиялық нұсқама ретінде тіркелді.

Географиялық нұсқама ретінде өз тауарын тіркеу үшін, кәсіпкер Маңғыстау облысы Әділет департаментінің «Зияткерлік меншік» бөліміне хабарласа алады.

Маңғыстау облысы

Әділет департаменті

Зияткерлік меншік

бөлімінің басшысы

  І.Бердібеков

Дата публикации
30 января 2025
Дата обновления
30 января 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы