Меню

Страницы

Статья

Құқықтық кабинеттің қоғамға пайдасы қандай?

ҚР Әділет министрімен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық насихат және құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының 30 тармағына сәйкес, шалғайдағы ауылдық жерлерде «Құқық кабинетін» ашу мәселесін пысықтау (құқықтық ақпаратқа қол жетімді, жұмыс орнын ұйымдастыра отырып, қолданыстағы НҚА-мен танысу үшін «Заң» ДБ-на қол жеткізе алатын компьютер) белгіленген.

Осы орайда, 2024 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментімен облыстың шалғай ауылдық жерлерінде «Құқық кабинеті» ашу мәселесі тиісті шаралар қабылданған болатын.

Құқықтық кабинет дегеніміз не? Азаматтарға қандай көмегі бар?

«Құқық кабинет» – кабинеттің қызметтерін пайдалана отырып шалғай елді мекендердің жеке тұлғалары мен ұйымдары құқықтық жүйені жақсырақ түсінуіне, заңнамлық актілермен еш қиындықсыз танысып, тікелей жұмыс жасауына және өздерінің құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

2024-2026 жылдарға арналған құқықтық насихат және құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының 30 тармағы аясында Маңғыстау облысы аумағында облыс орталығынан шалғай орналасқан Бейнеу (Бейнеу, Сарға, Тұрыш, Ақжігіт ауылдық округтері), Түпқараған (Қызылөзен, Форт Шевченко, Баутин, Сайын Шапағатов ауылдық округтері) және Қарақия (Құланды, Сенек ауылдық округтері) аудандарының 10 ауылдық округтерінде өз-өзіне қызмет көрсету кабинеттері ұйымдастырылған. Аталған кабинеттер интернет, компъютермен және E.gov.kz порталы, «Әділет», «Заң» ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтарға арналған құқық кабинетін құрудаға мақсаты – заң қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Құқық кабинеті шешетін негізгі міндеттер – азаматтардың құқықтарын қорғауға және оларға заңды дұрыс түсіну және қолдану үшін қажетті ақпаратты беруге бағытталған.

Міне, шалғай аудандарда ашылған құқық кабинетерінің бірнеше негізгі артықшылықтарын атап өту қажет:

Қолданыстағы заңнамаға қолжетімділігін қамтамасыз ету: Құқық кабинеті азаматтарға заңнамалық өзгерістер туралы өзекті ақпаратқа, заңнаманың нормаларыа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың құқықтық санасын жақсартуға ықпал етеді.

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау: Құқық кабинеті азаматтарға олардың құқықтары бұзылуы мүмкін жағдайларды түсінуге көмектеседі және олардың мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауға өз септігін тигізеді.

Құқықтық кедергілерді азайту: Құқық кабинеттің артықшылықтарының бірі – азаматтарға құжаттарды рәсімдеу, сотқа немесе мемлекеттік органдарға өтініш беру сияқты құқықтық қиындықтарды жеңуге көмектесу, бұл құқықтық жүйемен өзара әрекеттесуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру: азаматтар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және олардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ету үшін ыңғайлы тетіктің бірі деп санауға болады.

Тұтастай алғанда, құқықтық кабинеттің азаматтардың тигізер пайдасы сот төрелігіне және заң көмегіне қол жеткізуін жеңілдету болып табылады, бұл құқықтық жүйенің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне және қоғамның құқықтық жай-күйін жақсартуға ықпал етеді.

 

 

Көңілқос Назгүл Рзаханқызы

 

Құқықтық түсіндіру және

заңгерлік қызмет көрсету

бөлімінің бас маманы

Дата публикации
23 января 2025
Дата обновления
23 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы