Меню

Страницы

Статья

Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершілік
Қоғамымызда қордаланып, шешілмей жүрген мәселе өте көп. Соның
бірі сот шешімінің жылдар бойы орындалмауымен тікелей байланысты.
ЕліміздіңКонституциясына сай сот шешімі мінсіз орындалуы керек. Өйткені
сот шешімі сонысымен құнды. Алайда, құзырлы органдарға жүгінушілер
көбінесе сот шешімінің әлі қозғалыссыз тұрғанын, орындалмай жатқанын
айтып ренішін білдіреді.
ҚазақстанРеспубликасыКонституциясының13-бабынасәйкес
әркімніңөзқұқықтарыменбостандықтарыныңсотарқылықорғалуына
құқығы бар. Бұл конституциялық норма өзінің құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығы ғана емес, сонымен
қатар борышкер сот шешімімен белгіленген өз міндеттерін ерікті түрде
орындамағанжағдайдасотшешімінорындаудыталапетуқұқығында
қамтамасыз етеді.
Соныменқатар,ҚазақстанРеспубликасыКонституциясының76-
бабының 3-бөлігінде де көрсетілгендей соттар шешімдерінің, үкімдері мен
өзгедеқаулыларыныңРеспубликаныңбүкілаумағындаміндеттікүші
болады.Бірақсотактілерінміндеттітүрдеорындаужәнеоларды
орындалмағаныүшінжауапкершіліктуралыжоғарыдааталған
Конституциялықнормаларғақарамастан,көптегенсотшешімдерімен
үкімдері жылдар бойы орындалмай келеді.
Әрбір орындалмаған сот актісі сот төрелігінің салтанат құруына бүкіл
сотжүйесініңтиімділігінекүмәнтудырады,алсотшешімдерінің
орындалмауы сот жүйесінің жұмысының сапасына кері әсерін тигізеді.
Сот орындаушылары борышкерді сот актісін орындауға мәжбүрлеу
үшін заңда көзделген ықпал етудің барлық тетіктерін пайдаланады, яғнисот
актілері мен атқарушылық құжаттарды өндірісіне алған кезде орындауды
қамтамасызетугебағытталғанЗаңдакөзделгеншаралардыдереу
қабылдайды.
Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін
не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына
кедергі жасау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актісін және судьяның талаптарын орындалмағаны үшін борышкер
жәнесотталғанадамәкімшілікнемесеқылмыстықжауапкершілікке
тартылуы мүмкін.
Айталық, әкімшілік жауапкершілік – заңдық жауапкершіліктің ерекше
түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың Әкімшілік
құқықбұзушылықжасағанадамдарғаәкімшілікжазаларқолдануынан
көрінісін табады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар
қаралған.Әкімшілікжазақолданусотталғанболыптабылмайдыжәне
жұмыстаншығаруғажатпайды.Жазағатартылғанадамтағайындалған
мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. Әкімшілік
жауапкершіліктіңшараларыәкімшілікқұқықбұзушылықтуралыістерді
реттейтінзаңдарғасәйкесқолданылады.Сонымен,әкімшілік жауапкершіліктіңбасқатүрлеріненайыратынбіразерекшеліктерібар.
Әкімшілікжауапкершіліктіңнегізгіерекшелігіоныңнегізінеәкімшілік
құқық бұзушылық, ал шараларына - әкімшілік жазалар жатады.
Сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау деп борышкердің
сот актісін орындауға шаралар қабылданбауы, өндіріп алу жүргізілуі мүмкін
жалақыны және басқа да мүлікті жасырып қалуды, жұмыс орны туралы,
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін кірістер
туралы ақпарат бермеуді, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында
мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауды, сондай-ақ ақшалай
қаражат пен мүлікті басқа да мақсаттарға пайдалануға байланысты өзге де іс-
қимылдарды санауға болады.Осы орайда, сот орындаушысы борышкерді
әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту жөнінде мәселе қоюға құқылы.
Мысалы,ҚазақстанРеспубликасыӘкімшілікқұқықбұзушылық
туралы кодекісінің 669-бабына сәйкес сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де
сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау жеке тұлғаларға – бес
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі
мерзімгеәкімшілікқамаққаалуға,лауазымдыадамдарға,жекеше
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
қырық,iрiкәсiпкерлiксубъектiлерiнеелуайлықесептiккөрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
 
Дата публикации
22 мая 2024
Дата обновления
22 мая 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Борышкерге іздеу жариялау тәртібі
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы