Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру зайырлы мемлекет көрінісі.
Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша елімізде көптеген жаңашылдықтар мен оң өзгерістер орын алды. Жалақы төлеудің жаңа моделінің енгендігі мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттырып,өңірлік деңгейде өзектілігін арттырды. Жалақы төлеудің бұл моделі еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда ұстауы арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға бағытталған шараларға қатысты, көрсетілетін қызметтердің электронды форматқа көшірілуінің маңыздылығы ерекше. Қазіргі таңда, халықтың басым көпшілігі электронды жүйені қолдану арқылы көрсетілетін қызметтерді пайдалана алады.
Өз кезегінде, бұл уақыт үнемдеумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың таптырмас көрінісі. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру мақсатындағы іс-шаралар азаматтар сұранысына бейімделген зайырлы мемлекет қалыптастырудағы басты қадамдардың бірі екендігі сөзсіз.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ж.Көбейсін