Меню

Страницы

Статья

:ылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның күшіне енуіне байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап техникалық тексеру қызметтері бойынша сәйкестендіру құжаты - жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты дайындалатын болады.

Ол мемлекеттік актілерді жер учаскелеріне және пәтерлер мен үйге арналған техникалық паспорттарға ауыстырады. Бұл ретте барлық қолданыстағы жерге мемлекеттік актілер және бұрын берілген пәтерлерге/үйлерге арналған техпаспорттар өз күшін сақтайды. Кадастрлық паспорттар негізінен жаңа объектілерге, екінші объектілерге – меншік иесінің қалауы бойынша немесе пәтерді, үйлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті қайта құру, қайта жабдықтау кезінде рәсімделеді.

Жер учаскесіне кадастрлық паспорт: нысаналы мақсаты өзгерген, учаскенің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, бұрын берілген актіні біріктіру немесе ауыстыру кезінде дайындалады.

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты-бұл жылжымайтын мүліктің бастапқы немесе қайталама объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ қалаларда орналасқан жер учаскелерінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын сәйкестендіру құжаты, ол жер учаскесінің барлық негізгі сипаттамаларын анықтайды.

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау және беру тәртібі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен және «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне ғимараттардың сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке құрылыстар мен олардың құрамдас бөліктері, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында белгіленген.

Осы қызметті алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы не электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру қажет www.egov.kz.

Дата публикации
26 октября 2023
Дата обновления
26 октября 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы