Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азамттардың қатысуы және көтермеленуі

Қоғамда сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­стырып,сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалармен қатар, еліміздің кез келген азаматы да ат салыса алады. Ол дегеніміз кез келген адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру; кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де түрде жәрдем көрсете алады.

 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адам адам мемлекет қорғауында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен көтермеленіп, сыйақы алады.

Осы қаулыға сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттеріне өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу келесідей мөлшерде белгіленген: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК(103 500 теңге); онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК(138 000 теңге); ауырлығы орташа жағдайларда – 50 АЕК(172 500 теңге); ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарламалар үшін – 70 АЕК(241 500 теңге); аса ауыр хабарлар бойынша – 100 АЕК(345 000 теңге).

Ал, пара немесе залалдың мөлшері 1000 АЕК-тен асса (3 450 000 теңгеден асса), біржолғы сыйақы көрсетілген соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен (13 800 000 теңге)аспайды.

 Өткен жылы елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттеріне өзге де жолмен жәрдемдескен 134 азамат 40,6 миллион теңгеге ие болған.

Кез келген азамат сыбайлас жемқорлық фактісі туралы мобильді телефоннан  немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу арқылы хабарлай алады, ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді.  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және күтілетін қылмыстар жайында хабарламаларды қабылдау тәулік бойы қамтамасыз етіледі. 

Әлемді жаулаған бұл кеселмен, сыбайлас жемқорлықпен  күресу үшін Қазақстандағы барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ұстанымы қажет. Біз баршамыз бірігіп күрес жүргізгенде ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе аламыз. 

 

 

 

«Маңғыстау ауданаралық сот актілерін

орындау жөніндегі аумақтық бөлімі»

филиалының  мемлекеттік сот орындаушысы                                 Н.Ақмұхан

Дата публикации
18 августа 2023
Дата обновления
18 августа 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
11 сентября 2025
Халыққа қызмет көрмсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады
13 августа 2025
Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
13 августа 2025
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы