Қазіргі таңда Еліміздің күрделі мәселесінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресуді айта аламыз.
Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа түсініктемені Заңда былай көрсетеді. Яғни, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекет экономикасының дамуына, нарықтық экономиканы құруға инвестициялар тартуды баяулататын және демокартиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына өзінің кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын шаралар қабылдаудың маңызы зор.
Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл әрекеттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметтері жатқызылады.
Аталып отырған әрекеттерді қабылдау арқылы мемлекеттіміздің одан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жалпы саясат жүргізу, азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайтуға алып келеді.
Елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген.
Сондай – ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңы және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптары сақталмай бұзылуына жол берген жағдайда қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарауда көзделген.
Біздің қоғам сыбайлас жемқорлықтың одан әрі ұлғаймауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы тиімді түрде қарсы тұруға күш – жігерін жұмсағанда ғана біз жемқорлықты жоя аламыз.
«Ақтау аумақтық сот актілерін
орындау жөніндегі бөлімі»
филиалының басшысы Ғ.Нармуханбетов