Маңғыстау облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Ақтау қаласы 20 желтоқсан 2020 жыл
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəуекелдерді ішкі талдауды жүргізудің үлгілік қағидаларының» 12 тармағының 3 тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама жасалатыны көрсетілген.
Осыған орай, ҚР Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әділет департаменті» РММ басшысының шешімімен құрылған жұмыс тобымен 01.07.2020 -15.12.2020 жылғы аралығына департамент басшысының 2020 жылғы 26 мамырдағы №54-нқ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобымен 2020 жылдың ІІ – жартыжылдығына ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық жасайтын, үйлестіретін жауапты тұлға ретінде департаменттің басшы орынбасары –Тиленбаев Айзат Жайлауович бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі Маңғыстау облысының Әділет департаменті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі 2020 жылдың ІІ – жартыжылдығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының Үкіметінің және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының әділет департаменті туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жеңілдететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
бойынша:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітілген штаттық кестесіне сәйкес облыстық Әділет департаментінде штат саны - 58 бірлікті құрайды. 2020 жылдың ІІ – жартыжылдығында 4 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды:
жағымсыз себептермен босатылғандар саны-0;басқа мемлекеттік органдарға конкурс негізінде тағайындалғандар-2;таза ауысымдылық-2.
Өз кезегінде, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметтің ролі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп түрады.
Бос мемлекеттік лауазымдарды толтыру мақсатында 2020 жылдың ІІ – жартыжылдығында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлығы 1 ішкі конкурс жарияланған.
Өткізілген ішкі конкурстың нәтижесімен 2 қызметкер бос лауазымдарға тағайындалды.
Департаменттің тәртіптік комиссиясы мен конкурстық комиссиясы тиісті түрде бекітілген.
Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген қызметкерлерінің болуы анықталған жоқ.
Қызметкерлер тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталмады.
Департаменттің қаржы саласы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ, конурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар, барлық келісім шарттар ҚР бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіліген, заң бұзушылықтар анықталмаған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін зерделеуде Департаментте мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстарымен, жекжаттарымен қызмет атқару фактілері болған жоқ.
Қорытынды: Бұл бағыттарда жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылған, Департамент басшылығының және бөлім басшыларының тарапынан тиісті бақылау қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, алға қарай жұмысты жетілдіру үшін Департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында жұмысты күшейту және қатаң бақылауға алу жұмыстары тұрақты негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі 983 санды «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысы сәйкес, Департаментпен 11 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда,
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
- заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;
- жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;
- жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) төлнұсқасын беру;
-заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару;
-ҚР әділет органдарынан және өзге де мемлекттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
- жеке нотариус мөрін беру;
- адвокаттық қызметке және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестациядан өткізу;
- өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау;
- тағылымдамадан өткен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу.
1) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында барлығы-197 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ арқылы - 197 қызмет көрсетілген, электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет болған жоқ,
Қызметтен бас тартылған өтініштердің саны - 76, оның ішінде: көрсетілген өтініштердің барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Сондай-ақ, орындау мерзімі бұзылып орындалған мемлекеттік қызметтер және көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
2) ҚР әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша – 587 қызмет көрсетілген, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-438, электрондық үкімет порталы арқылы-149 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында бас тартылған өтініштердің саны барлығы-22 (электронды түрде-14, ХҚКО арқылы-8).
Аталған қызмет түрін көрсету бойынша орындау мерзімі бұзылып орындалған мемлекеттік қызметтер және қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
3) Нотариат және адвокатура: «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағиданың талабына сәйкес, 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында - 6 нотариусқа мөр тіркеліп, берілді.
Есептік мерзімде нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бағыты бойынша мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан арыз-шағым болған жоқ.
4) Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестациядан өткізу: 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында – 2 аттестация өткізіліп, барлығы 32 үміткер қатысты. Нәтижесінде, 11 үміткер, яғни 6-адвокат, 5-нотариус аттестациядан өтті. Қызмет көрсету барысында қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
5) Сот актілерін орындау бойынша: 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында - 192 мемлекеттік қызмет көрсетілген, атап айтқанда, өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау. Бас тартылған өтініштер болған жоқ.
Аталған қызмет түрін көрсету бойынша негізсіз бас тартулар және қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Сондай-ақ, орындау мерзімі бұзылып орындалған мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
6) Жеке сот орындаушысы қызметімен айналасуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша – 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында -1 аттестация өткізіліп, барлығы 5 үміткер қатысып, нәтижесінде 5 үміткер аттестациядан өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ІІ-жартыжылдығында, яғни 13.10.2020-02.11.2020 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілді.
Тексеріс нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер толыққанды жойылып, заң бұзушылқтармен кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге департамент басшысымен хаттама түрінде қатаң ескертіліп, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижесі негізінде анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілп, жоспарда көзделген іс-шаралар бүгінгі күні орындалуда.
Сондай-ақ, Департаменттің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының 5 тармағын орындау мақсатында аудандық, ауданаралық әділет басқармаларының қызметіне кешенді тексеріс жүргізілді.
Тексеріс нәтижесімен заң бұзушылықтармен кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, әділет басқармаларымен ҚР ӘҚБтК-нің 466 бабының талабын бұзған заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау фактілері анықталды (Бейнеу ауданы бойынша - 2, Маңғыстау ауданы бойынша – 4 заңды тұлға).
Бұл, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Осы орайда, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында келесілер ҰСЫНЫЛАДЫ:
Басқармаларға:
- ай сайын департаментке дәлелді құжат көшірмелерін қоса жалғай отырып (бұйрық, құрылтай құжатына өзгеріс енгізу туралы шешім, құрылтай құжатының көшірмесі) мемлекеттік қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну;
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау
бөліміне:
- қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар және қайта тіркеудің Заңмен көзделген мерзімін бұзған заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы ақпаратты ай сайын департамент басшысына ұсыну.
2020 жылдың бүгінгі күніне дейін Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық бойынша қылмысқа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жауапкершіліген тартылған, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және жұмыстан жағымсыз себептермен босатылған қызметкерлер болған жоқ.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған -2 мемлекеттік қызметші анықталды.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпараттық құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс материалдарға тұрақты түрде мониторинг жасалып турады.
Талдау барысында Әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты теріс түрдегі жарияланымдар анықталған жоқ.
Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жасалып барлығы -1 311 өтініштер келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан – 1 121, заңды тұлғалардан - 190 , талдау барысында өтініштерді қарау мерзімдері бұзылмаған.
Департаменттің құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімі нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережесінің сақталуына тексеру жүргізеді. Ағымдағы жылдың ІІ –жартыжылдығында жоспардан тыс тексеру жүргізілген жоқ.
Әділет департаменті қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық және басқа қылмыстық баптар бойынша қылмыстық істер қозғалмағанын және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау және Әділет органдарының функцияларын сапалы орындау мәселелері үнемі Департамент басшылығының бақылауында.
Жоғарыда көрсетілген ұсынысқа қоса алдау нәтижесімен ұсынылады:
саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау;
сәйкес орындалуын қамтамасыз ету бойынша үнемі бақылауда ұстау.
Маңғыстау облысы
Әділет департаментінің
басшысы Д.Кесикбаева
Келіседі: __________А. Тиленбаев
_____________Ә.Көшкінбаева
__________Э.Сабрекова
__________Ж.Құсайын
__________Ж.Картбаева