Маңғыстау облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы 2020 жылдың 1-жартыжылдық

Маңғыстау облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

Ақтау қаласы                                                                                08 шілде 2020 жыл

 

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəуекелдерді ішкі талдауды жүргізу ережесіне сəйкес, әділет департамент басшының а.ж. 26 мамырындағы №54-нқ бұйрығы негезінде 2020 жылдың 01-07 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілді.

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі Маңғыстау облысының әділет департаменті.

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі                        2020 жылдың І жартыжылдығы.

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

  1. Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. Департаментің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының әділет департаменті туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жеңілдететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

  1. Департаментің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі

бойынша:

  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

             Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітілген штаттық кестесіне сәйкес облыстық Әділет департаментінде штат саны 58 бірлікті құрайды. 2020 жылдың І жартыжылдығында 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметтің ролі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп түрады.

             Бос мемлекеттік лауазымдарды толтыру мақсатында 2020 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлығы 10 ішкі және жалпы конкурс жарияланған.

             Өткізілген ішкі және жалпы конкурстың нәтижесімен 16 қызметкер бос және уақытша бос  лауазымдарға тағайындалды.

             Департаменттің тәртіптік комиссиясы мен конкурстық комиссиясы тиісті түрде бекітілген.

             Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген қызметкерлерінің болуы анықталмаған.

             Қызметкерлер тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталмады.

             Департаменттің қаржы саласы бойынша өткізілген мемлекеттік

сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ, конурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар, барлық келісім шарттар ҚР бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы ашық өткізіліген, заң бұзушылықтар анықталмаған.  

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша:

             Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі 983 санды «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысы сәйкес, Департаментпен 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

             1) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында І жартыжылдығында барлығы 246 мемлкеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ арқылы - 246 қызмет көрсетілген, электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет болған жоқ,  қызметтен бас тартылған -52, оның ішінде барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы,  қызмет көрсету барысында негізсіз бас тартулар және қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

             2) ҚР әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша 249 қызмет көрсетілген, оның ішінде 6 бас тартулар. Аталған қызмет түрін көрсету бойынша шағымдар мен бұзушылықтар болмады.

             3) Нотариатт және адвокатура: «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының талабына сәйкес, 2020 жылдың 1-жартыжылдығында -3 нотариусқа Қағида талабына сәйкес мөр тіркеліп, берілді. Есептік мерзімді нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бағыты бойынша мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан арыз-шағым болған жоқ.

             4) Адвокаттық қызметке және нотариаттық қызметпен айналасу құқығына үміткерлерді аттестациядан өткізу:  2020 жылдың 1-жартыжылдығында аттестация өткізілген жоқ. Яғни, Елімізде болып жатқан карантиндік режиміне байланысты, наурыз-маусым айындағы жоспарланған аттестациялар ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің хаты негізінде кейінге қалдырылды.

             5) Сот актілерін орындау бойынша: 2020 жылдың 1-жартыжылдығында 112 мемлекеттік қызмет көрсетілген, атап айтқанда, өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау. Есептік мерзімді нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бағыты бойынша мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан арыз-шағым болған жоқ. Тағылымдамадан өткен және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу болған жоқ. Яғни, Елімізде болып жатқан карантиндік режиміне байланысты кейінге қалдырылды.

  1. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: Әділет департаментімен ҚР БП прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Маңғыстау облысы бойынша басқармасымен сыбайлас жемқорлық қылмыстық жауапкершілігіне және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жауапкершілігіне тартылған және «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 113 санды бұйрығын орындау мақсатында тоқсан сайын салыстырмалы акт жасақталып отыр.

             2020 жылдың 1- жартыжылдығында Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық бойынша қылмысқа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жауапкершіліген тартылған, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және жұмыстан жағымсыз себептермен босатылған қызметкерлер болған жоқ.

             Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында әкімшілік жауапкершілікке тартылған -1 мемлекеттік қызметші анықталды.

             Сонымен қатар, бұқаралық ақпараттық құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс материалдарға тұрақты түрде мониторинг жасалып турады.

             Талдау барысында Әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты теріс түрдегі жарияланымдар шығарылмағандығы анықталды.

             Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жасалып барлығы 657 өтініштер келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан 588, заңды тұлғалардан 69, талдау барысында өтініштерді қарау мерзімдері бұзылмаған.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру;

             Департаменттің құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімі нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережесінің сақталуына тексеру жүргізеді. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 1- жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

             Әділет департаменті қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық және басқа қылмыстық баптар бойынша қылмыстық істер қозғалмағанын және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау және Әділет органдарының функцияларын сапалы орындау мәселелері үнемі Департамент басшылығының бақылауында.         

             Талдау нәтижесімен ұсынылады:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету

саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
  2. Сот актілерін орындау саласында атқару өндірістерін заң талаптарына

сәйкес орындалуын қамтамасыз ету бойынша үнемі бақылауда ұстау.

 

 

Маңғыстау облысы

Әділет департаментінің

басшысы                                                                                                        Д.Кесикбаева

 

Келіседі: __________А. Тиленбаев

 

                __________Э.Сабрекова

 

                __________Ж.Құсайын

 

                __________Ж.Картбаева

 

Маңғыстау облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Дата публикации
01 октября 2021