Маңғыстау облысы әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты

«БЕКІТЕМІН»

Маңғыстау облысы әділет департаменті басшысының м.а.

Б.Колумбаев

2017 жылғы «16» маусым

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

І. Жалпы ереже

 

  1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және  Маңғыстау облысы Әділет департаменті  (бұдан әрі-Департамент) қызметінің барлық салаларындағы тыйымдардың, шектеулердің және рұқсат жүйесін білдіреді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықыт арттыру және Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

1) Департамент қызметкерлерінің функционладық міндеттерін орындау кезінде орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалды және жауапкершілікті қалыптастыру;

          2) сыбайлас-жемқорлықты танытуды уақтылы анықтау және олардың керіс әсерлерін болдырмау;

          3) Департамент қызметінің тиімділігін  арттыру.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

          1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департаментінің қызметінде  функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың  құқытары мен заңды мүдеделерін іске асыру кезінде қолданылады.

          2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.

          3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындауда дербес жауапкершілікті әділет органдарының әрбір қызметкері көтереді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының   10-бабы 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің қызмет саласына байланысты  бекітілген ережелерді қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану іс-әрекеттерін және шешімдерін анықтайды.
  1. Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақталуын бақылауды Әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

         

  1. Департаментінің қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары.

 

2.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қызметкерлер өз қызметінде:

  1. заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарын басшылыққа алуға;
  2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болуға;
  3. әріптестерден бір-бірін қолдау мен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттер жасаудан және кіріс алумен ұштасқан кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуге тартынуға;
  5. жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудын қиындататын әрекеттерді (әрекетсіз) болдырмауға;

6) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға көндіруге;

7) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындағаны үшін жеке және заңды тұлғалардан сыйақы, соның ішінде ақшалай қаражатты, қызметтерді, сыйлықтарды, тауарларды қоса алғанда сыйақы қабылдамауға;

8) мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтарды алу және пайдаға түсіру мақсатында, қызметтік және басқа да таратылуға жатпайтын мәліметтерді пайдаланбауға;

9) ақиқатқа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға;

11) Департаментнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жүгінген адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

12) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал жасау үшін жеке сипаттағы мәселелерді және т.б. шешуде қызметтік дәрежесін пайдаланбауға міндетті.

  1. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
  2. функцияларды өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
  3. жеке және заңды тұлғаларға басымдық бермеуге, қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
  4. тікелей басшыға тез арада жазбаша түрде орындауға алынған тапсырманың заңдылығына күмәнді екендігі жөнінде хабарлауға;
  5. тез арада басшылыққа жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы баяндауға;
  6. тез арада мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелер мен өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу туралы басшылыққа баяндауға;
  7. бағынышты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіліктерінің міндеттері мен көлемін нақты және айқын анықтауға;
  8. мүдделер қайшылығын болдырмауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою жөніндегі шаралар қабылдауға;
  9. егер тікелей басшының өзі мүдделер қайшылығына тартылған болса, жоғары басшылыққа жүгінуге;
  10. қол астындағы лауазымды тұлғалардың арасында бірқалыпты емес еңбек жүктемесін болдырмауға;
  • олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ мадақтау және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
  • сыбайлас жемқорлықты алдын алудың түбегейлі шараларын қабылдауға;
  • жұмыстан тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағынышты тұлғалардың қызметіне қызметтік жағдайы пайдаланбауға;

2.3. тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезінде

  1. сұратуларды қабылдағанда негізсіз бас тартуға, оларды қарастыруды кешіктірмеуге және күмәнді мәлімет деректерін ұсынуға жол бермеу;
  2. өзінің лауазымдық және онымен байланысты міндеттерін жеке мүліктік және мүліктік емес мүмкіндіктерді алуға пайдаланбау;
  3. дөрекілік фактілерін, адамның адамгершілігін кемсіту, тәртіпсіздікті, қисынсыз іс-әрекетті болдырмау;
  4. кадрларды іріктеп алу және туыстық, жерлестік және жеке адалдық жағдай бойынша таңдап алуға жол бермеу;
  5. анық орындалмайтын өкімдерді немесе олардың қызметтік міндеттемелер шеңберінен шығатын, сондай-ақ, заңнамаға қарама-қайшы келетін тапсырмалар бермеу;
  6. жоғары не төмен тұрған немесе қызмет не жұмыс бабындағы өзге де лауазымды тұлғалармен ақша немесе басқа да мүліктік сипаттағы құмар ойындарына қатыспау;
  7. азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, еркіндігі және заңдық мүдделерін сақтау және қорғау, олардың өтініштері мен оларды шешуге қажетті шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру;
  8. функцияларды өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру;
  9. қызметтік этиканы сақтау;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәлім болған оқиға туралы жедел Департаментінің (немесе) құқық қорғау органдарының басшылығына жеткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық және т.б жауапкершілік көзделген тәртіпсіздік және өзге де құқық бұзушылыққа жол бермеу;
  • қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін бағынышты қызметкерлерді тартуға жол бермеу.

 

  1. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

  1. Жемқорлыққа төзбеушілік жағдайды қалыптастыру – ол лауазымды тұлғаларда көпшілік мақұлдаға қоғамды құндылықтар арқылы жемқорлыққа қарсылықты қамтамасыз ету пікірін нығайту бойынша қызмет:
  2. патриоттық сезімді;
  3. жақын адамдарға махаббатты;
  4. үлкен ұрпаққа қадірлі қарым-қатынасты;
  5. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын елдердің ұлттық дәстүрлеріне құрметті қарым-қатынасты;
  6. өз елінің тарихын білуді дамыту.
  7. Әділет органдарының қызметі жалпы білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады, оларға келесіні жатқызуға болады:
  8. елде және әлімде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат ұсынылатын кәсіби оқу;
  9. пара алу кезінде ұсталған лауазымды қызметкерлерді ұстау эпизодтары бар видеоматериалдарды ұжымдық қарау және талқылау;
  10. басқа мемлекттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен кездесуді ұйымдастыру, оның ішінде жемқорлыққа қарсы қызметімен, бұдан әрі жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша іс-шараларды шығару;
  11. қажет болған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған салдарын мысал ретінде көрсету үшін қамаудағы/сотталған адамдарды ұстайтын орындарға баруды ұйымдастыру;
  12. балаларға арналған интернат-үйлерге бару;
  13. соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқоршылық жасау;
  14. спорттық және басқа-да демалыс шараларын өткізу.
  15. Лауазымды қызметкерлерге Жемқорлықтың пайда болуының кез келген тіпті болмашы әрекеттеріне төзбеушілікті таныту. Сонымен қатар, негізгі назар жауапкершіліктен құтылмаушылыққа, оқиғаға төтенше деңгейін беру, оны болашақта болдырмауды ұжымдық талқылау және алдын алу шараларын өткізуге беру керек.

Өзге де шектеулер мен тыйымдар

 

  1. ) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңңаманың талаптарын сақтау;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

3) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, лауазымдық өкілеттіліктері шегінде әзірленген Департаментің лауазымды тұлғаларының шешімдері мен нұсқауларын орындау.

Маңғыстау облысы әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты
Дата публикации
11 августа 2021