GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
ӨҢІРДЕ 4 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында жыл
басынан бері 4 165 азамат тегін заңгерлік көмек алды. Оның ішінде алимент мәселелері бойынша 1 173, зейнетақыға қатысты мәселелер бойынша 334 азаматқа кеңес берілген.

Толығырақ «QYZYLORDA TIMES» ақпараттық порталынан оқи аласыздар: https://qyzylordatimes.kz/zhanalyqtar/onirde-4-mynnan-astam-azamatqa-tegin-zan-komegi-korsetildi

20 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰНЫ 1,5 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМ ТӘРКІЛЕНДІ

Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Б.Әлмеш KAZINFORM ақпарат агенттігіне Зияткерлік меншік саласындағы жүйелі жұмыстар бойынша сұхбат берді.

📌Толығырақ сілтемеге өту арқылы оқи аласыз: https://kaz.inform.kz/news/kizilordada-kuni-15mln-tengeden-astam-kontrafaktlk-onm-tarklend-0bd5bb58/

 
20 октября 2026
МАҚСАТ - АШЫҚТЫҚ, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш Серікұлы «Сыр бойы» басылымына 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша сұхбат берді.

Толық сұхбатты оқу үшін сілтемеге өтіңіз: https://syrboyi.kz/zhanalyqtar-aqparat/maqsat-ashyqtyq-qolzhetimdilik-pen-zhawapkershilik-213480/

20 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА СОТ САРАПТАМАСЫ МЕН ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Сот медицинасы және құқық: заманауи сараптамалық практика мен құқықтық үрдістердің интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған ғылыми жиын сот медицинасы саласында 40 жылдық еңбек өтілі бар ардагер, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері Қамбар Сексеновтің 70 жылдық мерейтойына арналды. Конференция барысында сот медицинасының халықаралық тәжірибесі, теориялық әрі заманауи мәселелері, сондай-ақ жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми зерттеулері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш арнайы қатысып, маңызды жиынның өзектілігіне тоқталды.

Халықаралық конференция сот медицинасы мен құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми байланыстарды дамытуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жиын Қамбар Сексеновтің көпжылдық еңбегін ұлықтап, сала мамандарының кәсіби сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

20 октября 2026
ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНДЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, бизнес өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, құқық иеленушілер және зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылармен аумақтық әділет департаменттерінің өкілдері қатысты.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа Конституцияда бекітілген зияткерлік меншікті қорғау кепілдігінің зияткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және оларды заңды түрде пайдалану үшін бағдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Тәжірибе алмасу практикалық қиындықтарды талқылаудан оларды шешу жөніндегі ұсыныстарға көшуге мүмкіндік берді. Қозғалған мәселелер қатарында құқықтық реттеудің жүйесіздігі және әртүрлі заңнамалық актілер нормаларының өзара үйлесімділігі болды.
Халықаралық үрдістер мен цифрлық сервистердің дамуы ұлттық практикаға қатысты талқылауды толықтырды.

20 октября 2026
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Б.ӘЛМЕШ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Әлмеш Баукен Серікұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындысын баяндады.

🔹Сот орындаушылармен алимент берешектерін өндіру қарқынды жүргізіліп, төлемнен қасақана жалтарған 151 тұлға әкімшілік, 20 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 104 жұмыссыз борышкерлер жұмыспен қамтылды.

🔹4165 азаматқа мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі көрсетілді.

🔹Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 1029 іс-шара, оның ішінде 37 «Ашық есік күні», 30 халықпен кездесу өткізіліп, 430-дан астам түсіндірме материалдар жарияланды.

🔹Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мақсатында жүргізілген тексеру қорытындысымен 1 531 025 теңгені құрайтын 5191 дана контрафактілік өнімдер тәркіленді.

🔹254 коммерциялық емес ұйымдар тіркеліп, 1190 құжатқа апостиль қойылды.

20 октября 2026
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қызылорда облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде студенттермен құқықтық кездесу өтті.

Мақсат – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа нормалары таныстырылып, олардың маңызы мен негізгі бағыттары, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20 октября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ӘЛМЕШ БАУКЕН СЕРІКҰЛЫ "QYZYLORDA" ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Әлмеш Баукен Серікұлы облыстық QYZYLORDA телеарнасында «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасының тікелей эфирінде Заңнамалық өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сұхбат берді.

05 октября 2026
АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

2026 жылы 14 қыркүйекте жеке сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Семинар барысында заңнамадағы жаңашылдықтар, оларды іс жүзінде қолдану тәртібі және атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, алимент санатындағы атқарушылық істер бойынша енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылып, алимент сомаларын арнайы банктік шоттарға аудару тәртібі, өндіріп алушыларға қойылатын талаптар және сот орындаушыларының аталған бағыттағы міндеттері түсіндірілді.

Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін жолданатын ұсыныстар бойынша және жоспарлы тексерулер нәтижесі талқыланып, заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы ұсынымдар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, енгізілген өзгерістерді атқарушылық іс жүргізу барысында дұрыс әрі уақтылы қолдану және алимент санатындағы істер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

05 октября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ - БАСТЫ НАЗАРДА

Қызылорда облысының Әділет департаментінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және бюрократиялық кедергілерді азайту мәселелері талқыланды. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың жұмысындағы артық рәсімдер мен құжат айналымын қысқарту, шешім қабылдау үдерісін жеделдету және азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағыттары сөз болды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің уақытын тиімді пайдалану, заманауи цифрлық құралдарды кеңінен енгізу және халықпен кері байланысты күшейту мәселелеріне назар аударылды. Жиын қорытындысында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту – жұмыстың сапасы мен ашықтығын арттыруға, ең бастысы, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы