Сот шешімін тек сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен ғана шағымдануға болады
Сот шешімімен келіспесеңіз не істеу керек? Сот актілеріне тек сот тәртібімен ғана шағым беріледі, яғни апелляция немесе кассация арқылы (қай инстанцияның шешімі шағымдалатынына байланысты).
1-қадам: Апелляция
Егер шешім әлі заңды күшіне енбесе және сіз бірінші инстанция сотының қорытындыларымен келіспесеңіз.
2-қадам: Кассация
Егер сіз соттар елеулі құқықбұзушылықтарға жол берді деп есептесеңіз, мысалы: дұрыс емес заң нормасы қолданылған немесе іс жүргізу тәртібі сақталмаған, соның салдарынан сот шешімін заңды деп есептеуге болмайтын жағдайлар.
Жаңа немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Егер бұрын объективті түрде белгілі болуы және ұсынылуы мүмкін болмаған, бірақ іс үшін маңызды болып табылатын фактілер пайда болса.
Заңда тек бұл рәсімдер тікелей көзделген. Сот шешімдеріне шағымдануды тек соттардың өздері жүзеге асырады, өйткені Қазақстан Республикасында сот билігі — биліктің дербес тармағы.
Бұл мынаны білдіреді: министрліктер, әкімдіктер, прокуратура органдары, комитеттер және өзге де мемлекеттік органдар:
• істерді қарауға араласуға құқылы емес
• сот шешімдерін жоюға құқылы емес
• оларды қайта қарамайды және міндетті құқықтық баға бермейді.
Осы органдардың кез келген хаттары мен жауаптары соттың бұрын шығарған шешімін өзгерте алмайды.
Неліктен дәл осы тетіктерді пайдалану маңызды?
Өйткені тек солар ғана сот шешімін өзгерте алады.
Бұл рәсімдер:
• сот қателіктерін түзетуге бағытталған;
• құқықтарды нақты қорғауды қамтамасыз етеді;
• заңды нәтижеге жеткізеді.
Басқа органдарға жүгіну:
• істі қайта қарау тетігін іске қоспайды;
• шешімнің орындалуын тоқтатпайды;
• құқықты қорғаудың иллюзиясын тудырып, уақытыңызды босқа алады. Қорытынды: мақсат — сот шешіміне ықпал ету болса, жол біреу ғана — сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен.
Қызылорда облысының Әділет департаменті