Меню

Страницы

Статья

Тауар белгісі – өнімді дараландыру тәсілі

Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына сәйкес, тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.

«Тауар белгісі» – заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды не жеке тұлғалардың осы тектес тауарларынан, көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Тауар белгісі – өнімді дараландыру тәсілі.

Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл өнімге немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі тауар белгісін пайдалану құқығын келісім бойынша басқа тұлғаға беруі мүмкін. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша «R» әрпімен таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.

Қазір елімізде басқалардың меншіктері болып саналатын тауарлардың көшірмелері жетерлік. Бұдан зияткерлік меншіктің құқығы бұзылып, адам өміріне қауіп төндеретін әртүрлі зиянды көшірмелер арқылы мемлекетке үлкен зиян келтіруде. Соның ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, гигиена-санитарлық бұйымдар, құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар, балалар ойыншықтары, тіпті әшекей бұйымдары да кездеседі. Бұл өнімдер адам ағзасын улап, аллергиялық ауруларға апаруда.Заңсыз өнім,біріншіден құқық иелері болып табылатын бизнес өкілдерінің немесе компаниялардың аттарына кір келтіріп, абыройын төмендетеді. Екіншіден, осы өнімдерді пайдаланушы адамдардың наразылықтарын тудырып, оларға моральдық тұрғыда зиян келтіріп, адамның денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіреді. Үшіншіден, еліміздің уақыт талабына сай, алға ілгерілеуіне және дамуына кері әсерін тигізеді. Төртіншіден, құқық бұзушылыққа барған адамдар заң талабына сай жазаланады.Сондықтан «бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын, біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді» заңсыз пайдалану фактісі анықталған кезде ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 158-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтінгінде позияцияларды жақсарту үшін зияткерлік меншік құқығын қорғау әділет органдарының басты міндеттерінің бірі.Қазақстан Республикасының Әділет органдарында құқықтары бұзылған тауар белгісі иесінің арызына сәйкес, жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 158-бабымен әкімшілік істер қозғалады.

Әділет органдары кезектен тыс тексеріс жүргізумен қатар, кәсіпкерлер арасында, сауда орындарында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

ШАХАР БЕГЕЖАНОВА,

Қызылорда облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы.

Дата публикации
24 ноября 2025
Дата обновления
24 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 апреля 2026
Жеке сот орындаушыларының қызметі: заңнамалық негіздер және ерекшеліктер
Ақпарат
10 февраля 2026
АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ 
Ақпарат
19 января 2026
Перерегистрации отдельных видов кооперативов: что нужно знать

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы