Меню

Страницы

Статья

«Заң және Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты

Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты.
Енді азаматтар құқық бұзушылықтар жөнінде полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлама жібере алады.

Қосымшаның басты бетінде орналасқан арнайы «Заң және Тәртіп» батырмасын басу арқылы шағым немесе хабарламаны тез әрі оңай жолдауға мүмкіндік бар. Қызмет көрсету жүйесі қарапайым және түсінікті.

Азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға қатысты қауіп секілді жағдайлар туралы бірден полицияға дабыл бере алады. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу әрекет етеді.

Сонымен қатар, мұндай батырмалар кейбір банктердің мобильді қосымшаларына да енгізілген. Бұл сервистің кең аудиторияға қолжетімді болуына жағдай жасайды.

Аталған жоба – ІІМ жүргізіп отырған ауқымды цифрландыру жұмыстарының бір бөлігі. Басты мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара байланысты жеңілдету, жедел әрекет ету деңгейін көтеру және көмек көрсету мүмкіндігін барынша кеңейту.

Сервис тәулік бойы жұмыс істейді және өтініштер Қазақстанның бүкіл аумағында қабылданады.

Дата публикации
24 ноября 2025
Дата обновления
24 ноября 2025
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Ақпарат
08 апреля 2026
Жеке сот орындаушыларының қызметі: заңнамалық негіздер және ерекшеліктер
Ақпарат
10 февраля 2026
АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ 
Ақпарат
19 января 2026
Перерегистрации отдельных видов кооперативов: что нужно знать

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы