Қызылорда облысының Әділет департаменті, Қызылорда қалалық прокуратурасы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 мамырында Болашақ университетінде Солтүстік өңірлердің және жергілікті жұмыс берушілердің қатысуымен «Жетістіктер алаңы» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 28 мекеме қатысып, 224 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Өткізілген жәрмеңкелерге Жеке сот орындаушылармен борышкерлердің қатысуы қамтамасыз етіліп, оның ішінен 22 борышкерлерге бос жұмыс орындарына жолдамалар ұсынылуы негізінде борышкерлердің жұмысқа орналастыру шаралары қабылданды.
Қызылорда облысының Әділет департаменті