Қызылорда облысының Әділет департаменті (әрі қарай-департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы негізде жүргізіп отыр.
Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «AMANAT» партиясының облыстық филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау және тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты негізде «AMANAT» партиясының филиалы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кездесулер, дәріс нысандарында шаралар және дөңгелек үстелдер өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді, сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау, декларация тапсыру мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын ұстану, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, құқықбұзушылықтың алдын алу қажеттігі қатаң ескертілді.
Департамент қызметкерлеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті дайындаған бейнероликтер көрсетілді.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында ҚР ІІМ Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің №68 мемлекеттік мекемесіне (тергеу изоляторы), №60 мемлекеттік мекемесіне барып, мекеменің режимімен таныстырылды.
Қызылорда облысының Әділет департаментімен «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» қағидатын санаға енгізе отырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру мақсатында оқу орындарымен атап айтқанда: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, Абылайхан атындағы жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің студенттерімен ақпараттық танымдық семинарлар өткізілді.
Әділет департаментінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және құқық» институтының 6В04246 -Құқықтану (қылмыстық құқық) білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1 курс студенттерімен және «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Г.Ансатбаеваның қатысуымен Әділет департаментінің қызметімен оқу-танысу мақсатында ақпараттық танымдық кездесу өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік алғышарттарын ашатын Н.Бегежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры дайындаған «Әйел тағдыры» спектакліне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Әділет департаментінің ұжымы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу ретінде рухани-адамгершілік негіздерін тәрбиелеу мақсатында қатысып, пайдалы әсер алып қайтты.
«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген. Азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері бірінші қабатта орналасқан.
«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулар жүргізілуде. Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейне бақылау орнатылған. Сонымен қатар, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мақсатында ағымдағы жылы Арал, Қазалы аудандарында, Шиелі және Жаңақорған аудандарына қабылдау жүргізілді.
Барлығы 55 азамат қабылданып, қойылған сауалдарына құқықтық түсіндірмелер берілген.
Әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары, нотариат, адвокатура мәселелері бойынша құқықтық көмектер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр. Департамент басшысының орынбасарлары, аппарат қызметкерлері аумақтық бөлімінің аға сот орындаушылары мен сот сот орындаушылары және ауданаралық әділет басқармаларының қызметшілері, нотариус, адвокаттар тарапынан халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер беріліп тұрады.
Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдімен профилактикалық жұмыстар да жүргізіліп отырады.
Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған. Бүгінгі күнге дейін жәшікке шағымдар түспеген. Жалпы, 2023 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 20 семинар, 4 радиодан сұхбат, 1 дөңгелек үстел, 15 әлеуметтік ресурстарында жарияланым шығарылған.