Қызылорда облысы Әділет департаментімен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша 2023 жылдың 2-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Есепті мерзім ішінде әділет департаментіне келісу үшін барлығы 119
 нормативтік құқықтық акті (бұдан әрі - НҚА) жобалары келіп түскен. Оның ішінде:

келісілгені – 61, пысықтау үшін кері қайтарылғаны – 10, келісуден бас тартылғаны – 0, әзірлеуші органмен қайтарып алғандары – 44, қаралуда – 4.

            Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған НҚА саны – 61, оның ішінде: тіркелгені-45, бас тартылғаны-0, пысықтау үшін кері қайтарылғаны - 1, мемлекеттік органмен кері қайтарылғаны – 1, қаралуда-14.

         Департаментпен мемлекеттік басқару органдарының қызметіне тексеру  жүргізілген жоқ.

         Мемлекеттік тіркеуден өткен НҚА сотта даулау фактісі орын алған жоқ.

         Есепті мерзім ішінде НҚА тіркеу саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Әділет департаментімен актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге қосымша мониторинг жүргізіліп отырады.

Тізбелерді зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген  НҚА қолдану фактісі анықталған жоқ.

         Әділет министрлігінің даму жоспарының мақсатты индикаторының орындалуы бойынша: прокуратура органдары тарапынан тіркелген Актілерге прокурорлық ықпал ету актілерін енгізу фактісі орын алған жоқ.

         Құқықтүсіндіру жұмыстары бойынша: семинар-кеңес-2 өткізілді және газет беттеріне 1 мақала жарияланды.

 

 

Орынд.: Н.Бодыбаев

 

Дата публикации
11 июля 2023