Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс қорытындысы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау және тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты негізде «АMANAT» партиясының филиалы,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының, прокуратура органдарының өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кездесулер, дәріс нысандарында шаралар және дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігін арттыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты тергеу изоляторларына апару іс-шаралары да өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ашылған «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі департамент ғимаратының бірінші қабатында,  сондай-ақ азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан. Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейнебақылау  орнатылған.

    Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, департаменттің бөлім қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады. 

 Әлеуметтік желілер арқылы сот актілерін орындау, тіркеу, әділет департаментінің негізгі бағыттары бойынша құқықтық онлайн түсіндірмелер жүргізу бойынша тікелей эфирлер өткізілуде.

Департаментпен  құқықтық насихаттау мақсатында    студенттермен кездесулер,семинарлар, «Ашық есік күні» акциялары өткізіліп тұрады.

Мәселен, «Жемқорлық –індет, онымен күресу – міндет» қағидаты бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде, М.Маметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, сондай-ақ И.Абдыкаримов атындағы жоғары аграрлы-техникалық колледжі, Абылайхан атындағы жоғары аграрлы-техникалық жоғары колледжі студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының Әділет департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында ҚР ІІМ Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің №68 мемлекеттік мекемесіне (тергеу изоляторы)  барып, мекеменің режимімен таныстырылды.          Қызылорда облысының жергілікті және мемлекеттік органдарымен бірселіп, Қылмыстық – ақару жүйесі комитетінің №60 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен кездесу мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Әділет департаменті басшысының орынбасарлары Ұ.Оразгелді, Б.Әлмеш қатысып, сотталғандарға құқықтық көмек көрсетіліп, сұрақтарына жауаптар берілді.

Қызылорда облысының жергілікті және мемлекеттік органдарымен бірлесіп, Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің №60 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандарға құқықтық көмек беру жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, мемлекеттік сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары, құқыққорғау органдарының өкілдері сотталғандарға құқықтық көмек көрсетіп, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Осы бағытта әрі қарай заңнамамен және стратегиялық құжаттармен көзделген шараларды пәрменді жүзеге асыруды талап етеді.   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың негізі құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру болып табылатындықтан, әділет департаменті осы бағытта өз жұмысын жалғастыра береді.

Дата публикации
05 июля 2023