Қызылорда облысының әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Қызылорда облысының әділет департаментінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Қызылорда қаласы                                                        2020 жылғы 09 шілде

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, әділет департаменті басшысының  2020 жылғы 03 шілдедегі №93н бұйрығы негізінде 2020 жылдың 03-09 шілде  аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі – Қызылорда облысының әділет департаменті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі – 2020 жылдың 6 айы.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

      1)қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      2)департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №531 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қызылорда облысы бойынша әділет департаменті туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

      2.Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша мынадай бағыттар талданды.

      1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Әділет департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 26 тамыздағы №449 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жауапты хатшысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес әділет департаментінің құрылымының өзгеруіне байланысты, штат саны 58 бірлікті құрайды: 

С-О санаты бойынша –49

         С-R санаты бойынша – 9.

          

Есепті кезеңдегі бос лауазымдар – 5 бірлік, оның ішінде уақытша бос-3 бірлік.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар саны - 2:

 С-О-4 санаты бойынша (сот орындаушысы) – 1 бірлік

          С-О-5 санаты бойынша (бас маман) - 2 бірлік

3-і уақытша бос (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытында және оқу демалыста):

С-О-5 санаты бойынша (бас маман)- 2 бірлік

          С-R-5 санаты бойынша (ауданаралық басқарманың бас маманы) – 1 бірлік

          2020 жылдың басынан бері 9 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған. Оның ішінде: 

С-О-2 санаты бойынша(басшының орынбасары) – 1 (Әділет министрлігіне ішкі конкурс арқылы тағайындалуына байланысты)

С-О-3 санаты бойынша – 1 (бөлім басшысы –аға сот орындаушысы өз еркімен жеке секторға кетуіне байланысты).

С-О-4 санаты бойынша(сот орындаушы) – 2 (негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты)

С-О-5 санаты бойынша(бас маманы) – 1 (өз еркімен басқа себептермен кетуіне байланысты)

C-R-1 санаты бойынша(басқарма басшысы) – 2 (1-ұсынылған лауазымнан бас тартуына байланысты, 1- өз еркімен жеке секторға кетуіне байланысты),

C-R-5 санаты бойынша(жетекші маман ӘБ) – 2 (1-негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты, 1-ұсынылған лауазымнан бас тартуына байланысты).

Осыдан, әділет департаментінің таза ауысымдылығы С-О санаты бойынша–2, (C-R санаты бойынша – 1 қызметкер), ол 5,1 пайызды құрайды.     

          Біліктілігін арттыру курсынан 20 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда филиалында оқытылған.  

         Әділет департаментінде 8 бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында 2 ішкі конкурс жарияланып, нәтижесімен 8 қызметкер уақытша бос және бос әкімшілік лауазымдарына тағайындалған. Барлық қызметкерлер біліктілік талаптарына сәйкес келеді.  

          Барлық өткізілген конкурстардың әңгімелесу отырыстарында байқаушылар қатысқан (100 %).

        Ағымдағы жылдың 6 айында 10 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

          Қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу орын алмаған. Жағымсыз себептермен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

          2) мүдделер қақтығысын реттеу;

         Департаменттің ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген қызметкерлерінің болуы анықталған жоқ. Департамент қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Департаменттің қаржы саласы бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар, барлық келісім шарттар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілген.

Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша 2020 жылдың 6 айында ашық конкурс өткізілген жоқ. Баға ұсыныстарын сұрату бойынша 26 сұраным өткізілген, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 3 сатып алу, тікелей шарт жасасу арқылы 64 сатып алу өткізілген. Камералық бақылау функциясы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізуде бұзушылықтар анықталмаған, заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар енгізілмеген.

     3) мемлекеттік қызмет көрсету;

      Облыс бойынша заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша 221  мемлекеттік қызмет көрсетілген.

         Әділет департаментінде тіркелген заңды тұлғалардың санының төмендеуі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі заңының талабына сәйкес, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу жұмыстарын (оның ішінде тіркеу, қайта тіркеу, тарату) жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  құзыретіне берілуіне байланысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы  ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша заңды тұлғалардың және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс берілген жоқ, 57 заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу, өзгертулер мен толықтырулар, таратылуын тіркеуден бас тартылған.

Аталған көрсеткішке қарағанда, тіркеу үшін түскен құжаттарын қарау нәтижесі бойынша тіркеуден бас тарту бұйрықтарының саны -71,7% төмендеген.  

Заңды тұлғаларды тіркеу бағытында заңды тұлғалардың өкілдері тарапынан  арыз-шағымдар келтірілмеген.

2020 жылдың маусым айына дейін облыс бойынша әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу бағытында Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына (әрі қарай стандарт) және Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентіне (әрі қарай регламент) сәйкес мемлекеттік қызмет  көрсетіп келген.

Алайда, стандарт және регламент 2020 жылдың 29 мамыр айында күші жойылуына байланысты, маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бектіліген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңы негізінде заңды тұлғаларды тіркеу бағытында мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша 146 қызмет көрсетілген, оның ішінде 12 бас тарту болған. Аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсету бойынша шағымдар енгізілмеген, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.

Департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету түрі-3 («Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру», «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу».)

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығымен бекітілген Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне, Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына, Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығына, Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына, осы бұйрыққа сәйкес "Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

         Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына», Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына» сәйкес қызмет көрсетілуде.

Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету барысында стандарттар мен регламенттерде көзделген бизнес-процесс пен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері сақталған.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге 16 үміткерлерден және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге 2 үміткерлерден құжат қабылданған.

2020 жылдың 6 айында елде орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты аттестаттау өткізілмеген.

Аталған кезеңде нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бойынша 5 нотариустан өтініш берілген.

Аталған мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түспеген.

Мемлекеттік сот орындаушылармен "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша қағаз жүзінде  көрсетілетін қызметті беруші және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы) арқылы құжаттар қабылдайды.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңі бойынша мемлекеттік сот орындаушылармен барлығы 89 мемлекеттік қызмет көрсетілген. (о.і. жеке тұлғалардан-69, заңды тұлғалардан-20 құжат).

Көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің 87 құжаты көрсетілетін қызметті беруші арқылы қабылданса, 2 құжат Мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылмаған.

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электронды түрде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz,  www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке 5 жеке тұлғалардан өтініштер қабылданғанымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 19.03.2020 жылғы хабарламасына сәйкес ағымдағы жылдың 15 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай режимі кезеңіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында наурыз айына жоспарланған жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға аттестаттаулардың өткізу мерзімдері кейінге қалдырылған.

Қазіргі кезде аталған бағыттар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары басшылыққа алынады.

   

         4)Департаментте  рұқсат беру функциялары жоқ.

         5) бақылау функцияларын іске асыру;

Департаменттің құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімі нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережесінің сақталуына тексеру жүргізілмеген.

         Департаментпен мемлекеттік басқару органдарының қызметіне тексеру жүргізілмеген.

         Есепті мерзім ішінде 380 Актіге қатысты қайталама мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 9 Актіге қатысты 9 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс және 1 Актіге қатысты ақпараттық хат енгізілген. Бүгінгі күнге заңсыз Актілер қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілген.

         Енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдардың 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 457-бабымен 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

         Қабылданған шешімді не актіні сотта даулау фактісі орын алмаған.

         Әділет министрілігінің стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторының орындалуы бойынша (қанағаттандырылған прокурорлық ықпал ету актілерінің жалпы тіркелген НҚА санының 0.12% аспауы тиіс): прокуратура органдары тарапынан тіркелген 4  Актіге қатысты прокурорлық ықпал ету актілерін енгізу фактісі орын алған (қаралу барысында).

         6) Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

          Бұқаралық ақпараттық құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс материалдарға тұрақты түрде мониторинг жасалып тұрады. Талдау кезеңінде әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты теріс түрдегі жарияланымдар шығарылмаған.

         Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жасалды. Талдау кезеңінде департаментке барлығы 1069 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан –806 , заңды тұлғалардан – 260, жеке қабылдау-13, ұжымдық-1, ұсыныс-1. Өтініштерді қарау мерзімі бұзылу 2 фактісі орын алған. Кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

         Департаменттің мемлекеттік сот орындаушыларының орындау өндірістеріндегі атқару құжаттары бойынша жол берілген заңбұзушылықтар негізінде 2020 жылдың есепті кезеңі бойынша прокуратура органдарынан 10 (заңдылықты бұзушылықты жою туралы) Ұсынулар енгізіліп, анықталған заңбұзушылықтарға сәйкес 6 мемлекеттік сот орындаушылар 8 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуларға сәйкес тәртіптік жазаға тартылған.

Ағымдағы жылдың маусым айында Әділет министрлігімен департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жағдайына қашықтан тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында бұзушылықтар орын алмаған.

           Әділет департаментінің қызметін реттейтін құқықтық актілерде және де мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар, сәйкессіздіктер анықталмаған.

         Талдау нәтижесімен ұсынылады:

1.сот актілерін орындау саласында атқару өнідірістерін заң талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарға жол бермеу максатында сот орындаушылармен семинарлар өткізу;

2.бөлім басшылары, аға сот орындаушылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын бақылауда ұстау, өтініштердің жан-жақты, толық қаралуын қамтамасыз ету.

Дата публикации
10 июля 2020