Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың бірінші тоқсан қорытынды бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытындағы атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат.
Қызылорда облысының Әділет департаменті (әрі қарай-департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы негізде жүргізіп отыр.
Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «AMANAT» партиясының облыстық филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Атап айтқанда, ақпан айының 27-не Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы И.Бакишеваның төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында департаменттің аппарат қызметкерлерімен, филиал басшылары - аға сот орындаушылары арасында семинар өткізілді.
Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыруға бағытталған.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Болат Айнұр «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұртаев Талғат Мұхамбетжанұлы Қазақстан Республикасы Әдеп кодексі талаптары және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы сонымен қатар, өткен жылғы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған тәртіптік істер бойынша, «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия мүшесі, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жұбатханов Асанхан Жұбатханұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Семинар барысында барлық мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір құқықбұзушылық болдырмауға, олардың алдын-алуға және Әдеп Кодексі талаптарын бұлжытпай орындап, қызметке барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды. Семинардың күн тәртібіндегі мәселер бойынша қорытындысымен ұсыныстар енгізілді.
Наурыз айының 13-не департамент қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын-алу, Әдеп кодексі талаптарын сақтау мақсатында семинар өткізілді. Семинар барысында барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң түрде сақтау, жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, Әдеп кодексінің талаптарын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау қажеттігі сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, әкімшілік және өзге де құқық бұзушылықтардың қызметтік этика нормаларын бұзуға қарсы бағытталған профилактикалық іс-шараларды күшейтуді қатаң түрде тапсырылды.
Наурыз айының 3-не Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелді және бөлім басшылары Е.Тажикенов, А.Косбергенова «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» қағидатын санаға енгізе отырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану мамандығының 1 курс студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық негізгі басымдықтарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру мәселелері сонымен қатар, адвокат, нотариус және тіркеу қызметі саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ, жастарды ең алдымен мәдениетті, бәсекеге қабілетті болуға және жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы екендігі айтылды.
Наурыз айының 10-на Қызылорда облысының Әділет департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында ҚР ІІМ Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің №68 мемлекеттік мекемесіне (тергеу изоляторы) барып, мекеменің режимімен таныстырылды.
Наурыз айының 15-не Қызылорда облысының жергілікті және мемлекеттік органдарымен бірселіп, Қылмыстық – ақару жүйесі комитетінің №60 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен кездесу мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Әділет департаменті басшысының орынбасарлары Ұ.Оразгелді, Б.Әлмеш қатысып, сотталғандарға құқықтық көмек көрсетіліп, сұрақтарына жауаптар берілді.
Наурыз айының 02-не Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл және кепілдік берген заң көмегін түсіндіру мақсатында Әділет департаменті басшысының орынбасары Ұ.Оразгелді, департаменттің сала мамандары, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні өткізіліп, халыққа құқықтық кеңестер берілді. Аталған шара облыстық «QYZYLORDA» телеарнасында жарықтандырылды.
Құқықтық көмек пен заңгерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру - Әділет департаментінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ аталған шаралар департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына тұрақты түрде қойылған. Осы орайда, Әділет департаментімен бірнеше «Ашық есік» күндері, «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
20 қаңтарда Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Белкөл кентінің тұрғындарына «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға Әділет департаментінің сала мамандары, мемлекеттік сот орындаушылары, адвокат қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.
7 ақпанда Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ана үйі» дағдарыс орталығында аналарға консультациялық көмек көрсету мақсатында мемлекеттік сот орындаушы және адвокатпен құқықтық кеңес берілді.
Аналар тарапынан алимент өндіру және алимент төлемеген азаматтарға көрілетін шаралар жөнінде, сонымен қатар, неке бұзу туралы куәлікті алу жолдарына байланысты сұрақтар қойылып, заңдылыққа сәйкес мамандар тарапынан құқықтық кеңестер берілді.
9 ақпанда Баймұрат батыр ауылының мәдениет үйінде тұрғындармен, 15 ақпанда Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауаптар беріліп, құқықтық көмектер көрсетілді.
«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген.
Азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері бірінші қабатта орналасқан.
«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулар жүргізілуде. Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейне бақылау орнатылған. Барлығы 9 азамат қабылданып, қойылған сауалдарына құқықтық түсіндірмелер берілген.
Әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары, нотариат, адвокатура мәселелері бойынша құқықтық көмектер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр. Департамент басшысының орынбасарлары, аппарат қызметкерлері аумақтық бөлімінің аға сот орындаушылары мен сот сот орындаушылары және ауданаралық әділет басқармаларының қызметшілері, нотариус, адвокаттар тарапынан халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер беріліп тұрады.
Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдімен профилактикалық жұмыстар да жүргізіліп отырады.
Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған. Бүгінгі күнге дейін жәшікке шағымдар түспеген.
Жалпы, 2023 жылдың қаңтар - наурыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 13 семинар, 1 радиодан сұхбат, 6 әлеуметтік ресурстарында жарияланым шығарылған.
Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық деректері бойынша мәліметтер алынып отыр.
2023 жылдың қаңтар – наурыз айларында әкімшілік құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ.
2023 жылдың қаңтар - наурыз айларында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмаған.