Қызылорда облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау
Қызылорда қаласы 2022 жылғы 31 мамыр
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, Әділет департаменті басшысының 2022 жылғы 27 мамырдағы №100 н бұйрығы негізінде 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі – Қызылорда облысының Әділет департаменті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі – 2022 жылдың 5 айы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1)қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2)департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2021 жылғы 04 қазандағы №855 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаменті туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
2.Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша мынадай бағыттар талданды.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №127н «Әділет аумақтық органдарының штат санының лимитін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әділет департаментінің құрылымының өзгеруіне байланысты, штат саны 51 бірлікті құрайды:
С-О санаты бойынша –45
С-R санаты бойынша – 6
Есепті кезеңдегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар саны – 6 бірлік.
С-R-1 санаты бойынша (басқарма басшысы) – 3 бірлік;
С-R-4 санаты бойынша (бас маман) – 1 бірлік
С-R-5 санаты бойынша (жетекші маман) – 1 бірлік.
С-О-5 санаты бойынша (бас маман) – 1 бірлік
1-і уақытша бос (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытында):
С-О-5 санаты бойынша (бас маман) – 1 бірлік
2022 жылдың басынан бері 4 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды. Оның ішінде:
С-О-5 санаты бойынша(бас маманы) – 4(1-негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты), 1-(басқа мемлекеттік лауазымына орналасуына байланысты), 2- (өз еркімен басқа себептермен кетуіне байланысты)
Осыдан, әділет департаментінің таза ауысымдылығы С-О санаты бойынша–2, ол 3,9 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына» сәйкес ауыстыру тәртібімен 3 мемлекеттік қызметші:
Әділет департаментінің ішінде С-О-5 санаты бойынша (уақытша) лауазымнан С-О-5 санаты (уақытша бос) тең дәрежелі лауазымға тағайындалған – 3 қызметкер;
2022 жылы біліктілігін арттыру курсынан 3 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда филиалында оқытылған.
Әділет департаментінде 1 уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға 1 ішкі конкурс жарияланып, нәтижесімен 1 мемлекеттік қызметші уақытша бос әкімшілік лауазымына тағайындалды.
Барлық өткізілген конкурстардың әңгімелесу отырыстарында байқаушылар қатысқан (100 %).
2022 жылдың 5 айында жағымсыз себептермен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
2022 жылдың 5 айында 5 қызметтік тергеп-тексерулер жүргізіліп, Әділет департаментінің Тәртіптік комиссиясында қаралған, оның ішінде 2 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Жалпы барлығы 5 айда 6 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау болмаған.
2)мүдделер қақтығысын реттеу;
Департаменттің ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген қызметкерлерінің болуы анықталған жоқ.
Департамент қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.
Департаменттің қаржы саласы бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар, барлық келісім шарттар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілген.
Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша 2022 жылдың 5 айында ашық конкурс өткізілген жоқ. Баға ұсыныстарын сұрату бойынша 19- сұраным өткізілген, өткізілмей қалған мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 16 сатып алу өткізілген, тікелей шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен 12 сатып алу өткізілген, тауар биржасы арқылы 1 сатып алу өткізілген, электронды дүкен арқылы 12 сатып алу өткізілген.
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
Облыс бойынша заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша 253, ал ресми құжаттарға апостиль қою бағыты бойынша 452 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша 36 заңды тұлғалардың, оларды филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу, өзгертулер мен толықтыруларды, таратылуын тіркеуден бас тартылған.
Ал, ресми құжаттарға апостиль қоюдан 3 бас тарту берілген.
Заңды тұлғаларды тіркеу және ресми құжатарға апостиль қою бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар келтірілмеген.
Әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасына және «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіп келген.
Департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету түрі - 2 («Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу»)
Атап айтқанда, Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Есепті кезеңде 2 аттестациялық комиссия отырысы болған, адвокаттық және нотариаттық.
17.03.2022 жылы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға барлығы 7 үміткер шақырылып, аттестаттаудың бірінші кезеңі бойынша аттестаттаудан өтпеді деп саналып, аттестаттамау туралы шешім шығарылып табысталған.
14.03.2022 жылы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға барлығы 2 үміткер шақырылып, аттесттаудың бірінші кезеңі бойынша аттестаттаудан өтпеді деп саналып аттесттатамау туралы шешім шығарылып табысталған.
Сондай-ақ, үміткерлерді аттестаттауға сәйкес азаматтар мен үміткерлерден Комиссияның жұмысына, шешіміне, жалпы аттестаттаудың өткізілуі бойынша сотқа не болмаса әділет органдарына шағымдану фактілері орын алмаған.
Адвокаттық қызмет бойынша барлығы 10 үміткерден құжат қабылданған, ал нотариаттық қызмет бойынша 4 үміткерден құжат қабылданған (барлығы-14)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетіледі.
ҚР Әділет министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы мәніне 2022 жылға арналған бақылау іс-шараларын өткізу» жоспарына сәйкес Министрліктің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментімен Қызылорда облысының Әділет департаментіне мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманың сақталу мәніне 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап тексеру жүргізуде "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес мемлекеттік сот орындаушылармен 8 заңбұзушылықтар анықталған.
Анықталған заңбұзушылықтарға сәйкес департаменттің филиалы Қызылорда қаласының №1 сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Ж.Нағашыбайға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электронды түрде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.
2022 жылдың 5 айында "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша www.elicense.kz веб-порталы арқылы 1 аттестаттау комиссиясы өткізіліп, 3 жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдерін бұзу деректері орын алмаған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының 05.05.2022 жылғы тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы қаулысына сәйкес департаменттің филиалы Қызылорда қаласының №3 сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Н.Орынбаевқа Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 10.07.2020 жылғы №85 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу» Қағидасының талабын бұзғаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуы енгізіліп, мемлекеттік сот орындаушыларымен анықталған заңбұзушылықтардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сот орындаушыларына қатысты қызметтік тергеп-тексеру негізінде тәртіптік жазаға қолдану мерзімі ескерілген.
4)Департаментте рұқсат беру функциялары жоқ.
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6)Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Бұқаралық ақпараттық құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс материалдарға тұрақты түрде мониторинг жасалып тұрады.
Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жасалды. Талдау кезеңінде департаментке барлығы 667 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан –588 , заңды тұлғалардан – 79, жеке қабылдау-12, ұжымдық-1. Арыз-шағымдардың мерзімі бұзылу фактісі орын алмаған.
Әділет департаментінің қызметін реттейтін құқықтық актілерде және де мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар, сәйкессіздіктер анықталмаған.
Талдау нәтижесімен ұсынылады:
1.Сот актілерін орындау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес мемлекеттік сот орындаушылармен мерзімдерін бұзу фактілерін болдырмау;
2.Атқару өндірісін қамтамасыз ету саласы бойынша арыз-шағымдардың (оның ішінде қайталама арыз-шағымдар) түсуін азайтуға нақты жұмыстар жасау(тікелей эфирлер, түсіндірме жұмыстары және т.с.с), жеке сот орындаушылардың іс-әрекетіне түскен шағымдар бойынша тұрақты талдау жасалсын, жеке сот орындаушылармен заң бұзушылықтарға жол бермеу максатында семинарлар (кездесулер) өткізу.
Жұмыс тобы:
Ұ.Оразгелді _________________
Е.Тажикенов_________________
З.Ержанова__________________
Р.Калхожаев_________________
А.Қосбергенова_______________
Ш.Бегежанова________________
Г.Жалғасбайқызы_____________
Г.Джурабекова________________
Э.Ақылбекқызы_______________
Қызылорда облысының
Әділет департаментінің
басшысы И. Бакишева