Қызылорда облысы Әділет департаментімен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған НҚА саны – 0, оның ішінде: тіркелгені-0, бас тартылғаны-0, кері қайтарылғаны - 0, қаралуда-0.

         Департаментпен мемлекеттік басқару органдарының қызметіне тексеру жүргізілген жоқ.

         Мемлекеттік тіркеуден өткен НҚА сотта даулау фактісі орын алған жоқ.

         Есепті мерзім ішінде НҚА тіркеу саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Әділет департаментімен актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге қосымша мониторинг жүргізіліп отырады.

Тізбелерді зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген 1 НҚА қолдану фактісі анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 457-бабымен әкімшілік жауапкершілікке 1 лауазымды тұлға тартылды.

         Әділет министрлігінің даму жоспарының мақсатты индикаторының орындалуы бойынша: прокуратура органдары тарапынан тіркелген Актілерге прокурорлық ықпал ету актілерін енгізу фактісі орын алған жоқ.

         Құқықтүсіндіру жұмыстары бойынша: семинар-кеңес-1 өткізілді.

 

 

 

 

Орынд.: Н.Бодыбаев

 

 

Дата публикации
05 января 2023