Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Қызылорда облысының Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-бабының 1-тармағы және 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден және аттестаттаудан өтуге өтініштерді 2022 жылдың 21 қараша - 8 желтоқсан аралығында қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Тестілеу және аттестаттау Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52, Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2022 жылғы 19 желтоқсан сағат 09:00-де өтетіндігін хабарлайды.

Дата публикации
23 ноября 2022