Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2022 жылдың 9 - айында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылған іс-шаралары

 

         Қызылорда облысының Әділет департаменті (әрі қарай-департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы негізде жүргізіп отыр.

Әділет департаментінің 2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «AMANAT» партиясының облыстық филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы іс-шаралар жоспарына сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.

           Атап айтқанда, қаңтар айында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры А.С.Ниязбектің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қаралу жағдайы, еңбек және орындаушылық тәртіптері, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

         Ақпан айында Департамент басшысының орыбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен департаменттің аппарат қызметкерлері,  филиал басшылары - аға сот орындаушылары,  сот орындаушыларының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оған мүлдем төзбеушілікті арттыру мәселелері айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оған мүлдем төзбеушілікті арттыру мәселелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мерзімдерінің сақталуы мәселелері талқыланды.

Ақпан айында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және қатаң сақталуын қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес процестерін жетілдіру, электронды қызметтердің сапасын арттыру бойынша, нотариустарға шығатын  ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету мәселелері бойынша семинар өткізіліп, қорытындысымен нақты ұсыныстар енгізілді.

 

      

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау   мәселелері ағымдағы жылдың 21 ақпанында өткен алқа мәжілісінде қаралды. Сондай-ақ, аталған мәселелер аппараттық мәжілістердің күн тәртібіне тұрақты негізде қойылған.

Наурыз айында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысы И.Ж.Бакишеваның төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарының сақталу мәселелері» бойынша департаменттің аппарат қызметкерлерімен, филиал басшылары-аға сот орындаушылары арасында семинар өткізілді. Шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы қатысып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша кеңінен түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралын енгізу тапсырмаларының іске асырылып, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың аяғында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада бірқатар заң нормаларының қабылданғандығы аталып өтілді.

Сондай-ақ, департаменттің әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Э.С.Абдыкаликова Қазақстан Республикасы мемлекетік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгертулерге, талаптарының орындалуы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелеріне тоқталып, барлық мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір құқық бұзушылықты болдырмауға, олардың алдын-алуға және жаңа Әдеп Кодексі талаптарын бұлжытпай орындап, қызметке барынша жауапкершілікпен қарауға шақырылды.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шарада қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа бағытталған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен аталған тақырыпқа сай баядамалары тыңдалып, жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша бейнероликтер көрсетілді.  

Наурыз айында Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық көріністерін және әкімшілік-құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелері жайлы семинар өткізілді.

Наурыз айында Арал ауданаралық әділет басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда  Мергенсай, Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, аудандық сайлау комиссиясы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу және оған жол бермеу мәселелері талқыланды.

Әділет департаментімен ағымдағы жылдың ақпан, сәуір, мамыр айларында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен және Болашақ университетімен бірлесіп, заң факультетінің төмен және жоғарғы курс студенттерімен және аға оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылып, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, ақпан айында департамент басшысының орынбасары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің университеттерінің жоғары курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

26 сәуірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында департамент басшысы И.Бакишевамен жоғарғы курс студенттерімен кездесу өткізілді. Іс-шара облыстық телеарнада жарықтандырылды.

Мамыр айында Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелді және бөлім басшысы Э.Абдыкаликовамен бірге «Жемқорлық –індет, онымен күресу-міндет» қағидатын санаға енгізе отырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша Қызылорда қаласындағы Болашақ университетінің студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жүргізу мақсатында семинар өткізілді. Семинар барысында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Осы бағыттағы шара Қармақшы ауданаралық әділет басқармасымен де өткізілді. Сәуір айында аталған әділет басқармасы аудандық аграрлы-техникалық колледжінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру бойынша ауданның нотариустары, жеке сот орындаушыларының қатысуымен семинар өткізілді.

Мамыр айында Қармақшы ауданаралық әділет басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу және оған жол бермеу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Сырдария ауданының бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта семинар өткізілді.

Әділет департаментінің қызметшілері арасында мемлекеттік қызметтегі еңбек қатынастарындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында  27 мамырда семинар-тренинг өтті. Тренингте Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелді және әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликовамен қатысушыларға еңбек заңнамасының талаптарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілер мен Әдеп кодексінің нормаларына түсіндірмелер беріліп, жұмыс уақытын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Семинар-тренинг барысында теория мен тәжірибені ұштастыратын тапсырмалар орындалды.

Маусым айында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен Құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған Спикерлер пулы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына түсіндірмелер берілді.

Маусым айында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшесі Б.Танбаеваның және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Ж.Қозбағарованың және департаменттің аппарат қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасып, Әділет органында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында нақты ұсыныстар енгізілді.

Маусым айында мүдделер қақтығысы, Әділет департаментінің анонимді сауалнама қорытындысы жайлы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің талаптарына сәйкес арыздар мен шағымдарды қарау тәртібі жайлы Әдеп кодексі талаптарының сақталуы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелері бойынша департаменттің аппарат қызметкерлері,  филиал басшылары - аға сот орындаушылары,  сот орындаушыларының қатысуымен семинар өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Тамыз айында, Қызылорда облысының Әділет департаменті қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексінің нормалары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинар  барысында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры А.Ниязбек Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес өтініштерді тіркеу, қарау, мерзімін ұзарту мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы  бақылау басқармасының басшысы Т.Нұртаев мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері туралы және департаменттің Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесі бойынша түсіндірмелер берілді.

Іс-шарада мемлекеттік қызмет көрсету заңнамалары және мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қажеттігі атап өтілді.

Қыркүйек айында Әділет департаментінде, «AMANAT» партиясының жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес отырысы болып өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде екі мәселе тыңдалды. Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелді облыстық Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жағдайы және партияның «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» орындау барысы туралы баяндады.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес Төрағасы, облыстық мәслихат депутаты М.Ы.Нәлібаевпен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арналған жолдауынан туындайтын енгізгі міндеттерге тоқталып өтті. Кеңес отырысында Жолдаудағы бағыттар бойынша ұтымды пікірлер айтылды.

Өткізілген іс-шараларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді, сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау, мүдделер қақтығысы, декларация тапсыру мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын ұстану, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерге өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдар шығармау, қызметте киім киюдің стилін ұстану, сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, масаң күйде жүру фактілерін болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу  қажеттігі қатаң ескертілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 5 ай қорытындысы бойынша ішкі талдау жүргізілді.

«Балалар жылы» аясында «Балалар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында мамыр айында 10-14 жас аралығында оқушылар арасында облыстық сурет байқауы өткізіліп, байқауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында салынған сурет иелері Департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген.

Ұжым қызметкерлері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моралдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.  Сауалнама қорытындысы ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың қалыпты жағдайда екендігін көрсетті. Сауалнама қорытындысымен   қызметкерлермен семинар өткізілді.

Ұжымда кері байланыс қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының әділет департаментінің қызметкерлері арасында «Тиімді қарым-қатынас орнату қадамдары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.Аяғанованың қатысуымен тренинг өтті.

Қызметкерлер арасындағы өзара ынтамақтастықты нығайтуға бағытталған шаралар да ұйымдастырылып өткізілді.

Атап айтқанда, 17 мамырда Әділет департаментінің басшысы И.Бакишева, департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелді және департаменттің қызметкерлері Қызылорда қаласындағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында болып, қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысты.

Сондай-ақ, департамент ұжымы қолөнерші, дизайнер, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі Қ.С.Ілиясованың шығармашылық кешіне қатысты. Департамент қызметкерлері Қ.С.Ілиясованың қолөнер туындылары мен ұлттық нақышта әзірленген бұйымдарын тамашалады.

Балаларды қорғау күніне орай, Әділет департаменті әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

22 маусымда департамент қызметкерлері ерікті заңгерлермен бірлесе Қызылорда қаласындағы «Ана үйі» дағдарыс орталығындағы жалғыз басты аналарға консультациялық көмек көрсету шарасын өткізді.

Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлерімен «Отбасылық TikTok бейне» әзірленді.

29 маусымда Әділет департаменті экологиялық акция ұйымдастырды. Акция аясында қызметкерлер Әділет департаментінің ауласын және департамент орналасқан көше аумағын, тротуарларды, арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары тарапынан семинарлар, «Ашық есік» күндері, құқықтық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер, жеке қабылдаулар өткізілді.

 Азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері бірінші қабатта орналасқан.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулар жүргізілуде. Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейнебақылау  орнатылған. Барлығы 22 азамат қабылданған.

Сондай-ақ, «Аманат» партиясының филиалында қоғамдық қабылдаулар да тұрақты жүргізілуде.

Әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары, нотариат, адвокатура мәселелері бойынша құқықтық көмектер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр. Департамент басшысының орынбасарлары, аппарат қызметкерлері аумақтық бөлімінің аға сот орындаушылары мен сот сот орындаушылары және ауданаралық әділет басқармаларының қызметшілері, нотариус, адвокаттар тарапынан  халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер беріліп тұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланып, сайтта шығарылып отыр. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандырылған.   

Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдімен профилактикалық жұмыстар да жүргізіліп отырады.  

Әдеп жөніндегі уәкілмен өткізілген жиналыстарда және қызметкерлерге жеке консультативті көмек көрсету барысында ұжымда өз білімін көпшілікке тарату, жұмысты ұйымдастыруды жақсарту және лауазымдық міндеттерін орындау сапасын арттыру үшін қажетті білімді, дағдылар мен іскерлікті дамыту турасында  әңгімелесулер, пікір айтулар жүргізіліп тұрады.

Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған. Бүгінгі күнге дейін жәшікке шағымдар түспеген.

 Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңнамаларының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 14 семинар, 2 дөңгелек үстел, 2 кездесу, 10 басылым және әлеуметтік ресурстарында  жарияланым шығарылған.62 «Ашық есік» күні өтті.

Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, мас күйінде автокөлікті басқару деректері бойынша мәліметтер алынып отыр. 2022 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында мас күйінде автокөлікті басқару фактілері анықталған жоқ.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмаған. 

Дата публикации
01 ноября 2022