Қызылорда облысының Әділет департаменті (әрі қарай-департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы негізде жүргізіп отыр.
Әділет департаментінің 2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «AMANAT» партиясының облыстық филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы іс-шаралар жоспарына сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Атап айтқанда, қаңтар айында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры А.С.Ниязбектің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қаралу жағдайы, еңбек және орындаушылық тәртіптері, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Ақпан, наурыз айларында Департамент басшысының орыбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен департаменттің аппарат қызметкерлері, филиал басшылары - аға сот орындаушылары, сот орындаушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталу мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелері бойынша, еңбек және орындаушылық тәртіптері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жағдайына жасалған талдау қорытындысы бойынша семинар өткізілді.
Ақпан айында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және қатаң сақталуын қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес процестерін жетілдіру, электронды қызметтердің сапасын арттыру бойынша, нотариустарға шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету мәселелері бойынша семинар өткізіліп, қорытындысымен нақты ұсыныстар енгізілді.
Ақпан айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп, заң факультетінің жоғарғы курс студенттерімен және аға оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылып, кездесу барысында Әділет органдарының қызметі жайлы, нотариус, адвокат болу тәртібі, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Наурыз айында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысы И.Ж.Бакишеваның төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарының сақталу мәселелері» бойынша департаменттің аппарат қызметкерлерімен, филиал басшылары-аға сот орындаушылары арасында семинар өткізілді. Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру болып табылады. Шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы қатысып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша кеңінен түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралын енгізу тапсырмаларының іске асырылып, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың аяғында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада бірқатар заң нормаларының қабылданғандығы айтылып, оларға тоқтала кетті.
Сондай-ақ, департаменттің әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Э.С.Абдыкаликова Қазақстан Республикасы мемлекетік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгертулерге, талаптарының орындалуы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелеріне тоқталып, барлық мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір құқықбұзушылық болдырмауға, олардың алдын-алуға және жаңа Әдеп Кодексі талаптарын бұлжытпай орындап, қызметке барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Сонымен қатар, наурыз айында Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық көріністерін және әкімшілік-құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәселелері бойынша департаменттің аппарат қызметкерлері, филиал басшылары - аға сот орындаушылары, сот орындаушыларының қатысуымен жиналыс өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізіліп, нақты тапсырмалар берілді.
Өткізілген іс-шараларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді, сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау, декларация тапсыру мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын ұстану, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерге өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдар шығармау, қызметте киім киюдің стилін ұстану, сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, масаң күйде жүру фактілерін болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу қажеттігі қатаң ескертілді.
Сонымен қатар, өткізілген іс-шараларда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа бағытталған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен аталған тақырыпқа сай баядамалары тыңдалып, жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық жасау фактілері бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары тарапынан семинарлар, «Ашық есік» күндері, құқықтық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер, жеке қабылдаулар өткізілді.
Азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері бірінші қабатта орналасқан.
Кеңсе алаңында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулар жүргізілуде. Барлығы 5 азамат қабылданған. Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейнебақылау орнатылған.
Әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары, нотариат, адвокатура мәселелері бойынша құқықтық көмектер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр. Барлығы 15 тікелей эфирлер өткен.
Департамент басшысының орынбасарлары, аппарат қызметкерлері аумақтық бөлімінің аға сот орындаушылары мен сот сот орындаушылары және ауданаралық әділет басқармаларының қызметшілері, нотариус, адвокаттар тарапынан халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер беріліп тұрады.
Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланып, сайтқа шығарылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау мәселелері ағымдағы жылдың 21 ақпанында өткен алқа мәжілісінде қаралды. Сондай-ақ, аталған мәселелер аппараттық мәжілістердің күн тәртібіне тұрақты негізде қойылған.
Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ұ.Оразгелдімен профилактикалық жұмыстар да жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың 3 айында Әдеп жөніндегі уәкілмен 21 мемлекеттік қызметшіге, 3 жеке және заңды тұлғаларға жеке консультативтік көмек көрсетілді.
Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған. Бүгінгі күнге дейін жәшікке шағымдар түспеген.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңнамаларының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 5 семинар, 1 кездесу, 3 басылым, әлеуметтік ресуртарында - 2 жарияланым, 3 «Ашық есік» күні өтті. Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, мас күйінде автокөлікті басқару деректері бойынша мәліметтер алынып отыр. 2022 жылдың қаңтар – наурыз айларында мас күйінде автокөлікті басқару фактілері анықталған жоқ.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмаған.