Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Қызылорда облысының Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-бабының 1-тармағы және 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден және аттестаттаудан өтуге өтініштерді 2022 жылдың 01-23 ақпаны аралығында қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Тестілеу және аттестаттау Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 52, Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2022 жылы 3 наурызда сағат 09:00-де өтетіндігін хабарлайды.

ЕСКЕРТУ!

Тіркеу сағат 08:30 - дан басталады.

Үміткер аттестаттаудан өтуге дәлелді себептермен және келесі аттестаттауға қатысуға ниет білдірген жағдайда, Комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер келмеген жағдайда, оның арызы қараусыз қалдырылады және аттестаттау өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттары кері қайтарылады.

Дата публикации
03 февраля 2022