«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспарына» сәйкес 2021 жылдың ІІІ тоқсанында төмендегідей шаралар атқарылды. Атап айтқанда:
9-тармаққа сәйкес: 2021 жылдың ІІІ тоқсаны көлемінде Қызылорда облысы Әділет департаменті қызметкерлерімен әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ (сол себепті шешімдерге талдау жасалынған жоқ);
11-тармаққа сәйкес: Әдеп жөніндегі уәкілдің есебі тиісті қосымшаға сәйкес жолданды.
12-тармаққа сәйкес: Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік бұзушылықтар жасауына мониторинг жасалып, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілді (Нәтижесінде, 2021 жылдың ІІІ тоқсанында департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар болмаған).
13-тармаққа сәйкес:
«Астана күні» мерекесіне орай 03 шілдеде Қызылорда облысы Әділет органдары қызметкерлерінің арасында волейболдан спартакиада өткізілді. Аталған шараға Әділет департаментінің командалары да қатысты. Жарыс нәтижесімен жеңімпаздарға Алғыс хаттар табысталды.
23 шілде күні Әділет департаментінде ZOOM платформасы арқылы ҚР Мемлекеттік ызмет істері Агенттігінің Қызылода облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Т.Нұртаевтың қатысуымен мемлекеттік қызмет заңнамасы, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен әдеп кодексі нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әділет департаментінің қызметкерлерінің арасында спорттық турнир өткізілді.