Қызылорда облысының Әділет департаментінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы
2021 жылдың 9 айында атқарылған мемлекеттік қызметтер бойынша
Есеп беріп отырған мерзімде Қызылорда облысы көлемінде заңды тұлғаларды
тіркеу саласы бойынша барлығы 1115 (2020ж. 9 айында - 338) құжат түсті, барлығы Халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы қағаз жүзінде түскен, электронды түрде 1 өтініш түсті (заңды тұлғаның жарғысының төлнұсқасын сұрату). Өткен жылмен салыстырғанда түскен құжаттардың саны 3 есеге көтерілген.
Халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы түскен құжаттардан 854 (мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар, таратылуын тіркеуден өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден барлығы 261 (2020ж. – 79) бас тартылды.
Бас тартулардың негізге себебі, мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттардың қолданыстағы заңдылыққа қайшы келетіндігі (ұсынылған құрылтай құжаттарына ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының және ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңының талаптарына қайшы болуы) немесе қызмет алушылар атқарушылық өндіріс жүргізу органының автоматталған жүйесінде борышкер ретінде тіркелген (ҚР «Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11 бабына сәйкес).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулардың санын азайту мақсатында, Әділет департаментінің тарапынан Халыққа қызмет көрсету Орталығының қызметкерлерімен үнемі семинар-сабақтар өткізеді. Себебі, мемлекеттік қызмет алушыларға тікелей қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету Орталығының қызметкерлері. Осы мәселеге қатысты ХҚКО қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен, коммерциялық емес ұйымдармен 33 іс-шаралар өткізілді (оның ішінде радио арқылы сұхбат беру, газет бетінде мақала жариялау, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен онлайн семинар-сабақ өткізу, дәріс оқу).
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзушылыққа жол берілген жоқ жәнеде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағым-арыздар түскен жоқ.