Қызылорда облысының Әділет департаментіне 2021 жылдың 9 айында барлығы 1042 өтініш келіп түсті, 1025 құжатқа апостиль қойылды, 17 өтініш орындаудан бас тартылды.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен және тұрғындармен құжаттарға апостиль қою бойынша түсіндірме жұмыстар, семинар-кеңестер тоқсан сайын жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін электрондық нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жоба аясында жүгінген азаматтарға Е-Апостиль ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда қызмет алу үшін өтініш беруді ұйымдастыру туралы 4 рет семинар-кеңестер ұйымдастырылды.
Тұрғындар арасында Е-Апостиль электрондық мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 13 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді (1 брифинг, 3 мақала, 2 радио, 4 телеарна, Қызылорда облысының әділет депаратментінің ресми парақшасы арқылы 3 сұхбат берілді).