2021 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этикалық нормаларды сақтау бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылған іс-шаралары жайлы ақпарат

 

         Қызылорда облысының Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы негізде жүргізіп отыр.

           Атап айтқанда, 2021 жылға арналған әділет департаментінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес жұмыстар атқарылды.

          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары да іске асырылуда.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау және тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты негізде «Nur Otan» партиясының филиалы,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының, прокуратура органдарының өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кездесулер, дәріс нысандарында шаралар және дөңгелек үстелдер өткізілді.

         Өткізілген іс-шараларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді, сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау, декларация тапсыру мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стндарттарын ұстану, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерге өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдар шығармау, қызметте киім киюдің стилін ұстану, сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, масаң күйде жүру фактілерін болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу  қажеттігі қатаң ескертілді.

          Сонымен қатар, өткізілген іс-шараларда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа бағытталған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бейнероликтер көрсетілді.

           Ағымдағы жылдың 05-ақпанында аппараттың және ауданаралық әділет басқармаларының мемлекеттік қызметшілері, аумақтық бөлімдердің аға сот орындаушылары мен сот орындаушыларының қатысуымен онлайн форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұлжытпай орындау мәселелері жайлы

 

семинар өтті. Семинар барысында департамент басшысы И.Бакишева сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мәселелерін атап өтті.

          11-ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық құзыретін дамыту» тақырыбында өткен семинарға «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нәлібаев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғ.Әлімқұлова қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардағы жаңашылдықтары, басшылардың дербес жауаптылықтары,  қызметшілердің сыйлықтарды алуына толық тыйым салынғандығы туралы баяндамалар жасады. Семинар барысында слайдттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

         Ағымдағы жылдың қаңтар айында «2020 жылдың 12 айында Қызылорда облысының әділет департаментінің өтініштермен жүргізілген жұмыстарға талдау нәтижесі туралы» семинар өтті. Семинарда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы бөлімінің прокуроры А.С.Ниязбектің хабарламасы тыңдалды.

         Сондай-ақ, қаңтар айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары мен аумақтық бөлімнің сот орындаушылары арасында оқыту семинары өтті.

         Наурыз айында «Әдеп нормаларын сақтау-мемлекеттік қызметшінің міндеті» тақырыбында өткен семинарда мемлекеттік  қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат әрекеттерге жол бермеу міндеттері түсіндірілді.

         Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында 31-наурызда әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел өтті.   

         Іс-шараға  «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы                    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, облыстық маслихат депутаты М.Ы.Нәлібаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің аға  офицері А.Баймаханов, облыстық маслихат депутаты Г.Есқалиева,  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Исаева, әділет органының ардагері С.Бекхожа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының  бас маманы Т.Абаев қатысты.

 

Ауданаралық әділет басқармалары мен аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері ZOOM бағдарламасы арқылы қосылды.

         Дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жайлы баяндаулар жасалып, құқықбұзушылықтың алдын алу, ескерту мақсатындағы бейнероликтер көрсетілді. М.Нәлібаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың парызы екендігін, әрбір қызметкердің қызметті заң шеңберінде адал атқару қажеттігін атап өтті. А.Баймаханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардағы жаңашылдықтары, сыбайлас жемқорлық жасаудың зардаптары мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметшілердің шектеулері жайлы баяндады.

         Қызметкерлерге эмоциялық бағыт арқылы ықпал жасау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейнероликтер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан көрсетілді.

          Іс-шараға қатысқан «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Тажиев Асқар қатысушылардан сұхбат алып, іс-шара аталған облыстық телеарнадан жарықтандырылды.

            Мамыр айында департамент қызметкерлерімен өткен семинарда департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл міндеті жүктелген Ұ.Оразгелді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы түсіндірмелер берді.

           Ағымдағы жылдың мамыр, қыркүйек айларында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық  қорының директоры, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетовтің қатысуымен тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу болып табылады. Шара барысында Ж.Тұсмағамбетов сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша хабарлама жасап, департамент қызметкерлерін адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары тарапынан семинарлар, «Ашық есік» күндері, құқықтық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер, жеке қабылдаулар өткізіліп, дәрістер оқылды.

 Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ашылған «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі департамент ғимаратының бірінші қабатында орналастырылған, сондай-ақ, азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан.

Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейнебақылау  орнатылған.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылып,  осыған сәйкес ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында Әділет департаментінің қызмет бағыттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізіліп отыр.

 Департамент басшысының орынбасарлары, аппарат қызметшілері, аумақтық бөлімінің аға сот орындаушылары мен сот сот орындаушылары және ауданаралық әділет басқармаларының қызметшілері, нотариус, адвокаттар тарапынан  халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер беріліп тұрады. Жалпы, жыл басынан бері барлығы 54 тікелей эфир өткізілген.

Кеңсе алаңында құқықтық көмек көрсету бойынша жеке қабылдаулар жүргізілуде. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдері офлайн және онлайн режимдерінде қабылдау жұмыстары жүргізіліп отыр. Барлығы 71 азамат қабылданған.

Сонымен қатар, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және әдеп нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жұмыстары жайлы семинарлар, кездесулер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы өкілдерінің және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық  қорының директоры, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі қатысуымен өткізілді.            

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, департаменттің бөлім қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады. Мәселен, ағымдағы жылдың 18-ақпанында департаменттің қызметкерлері тарапынан құқықтық көмектер көрсету іс-шарасына облыстық телеарна тілшілері қатысып, телеарнадан жарықтандырылды. Барлығы жыл басынан 9 «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, құқықтық кеңестер берілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейнеролик дайындалып, департаменттің инстаграммасы мен  Facebook желістерінде жарияланды. Сонымен қатар, бейнеролик департаменттің ғимаратындағы экранда көрсетіліп отыр.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы буклеттер халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға таратылды.

Жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген.

  «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланып, сайтқа шығарылған.      

Облыс тұрғындары Әділет органдарына қатысты ұсыныс-пікірлер, шағымдармен аптаның дүйсенбі-жұма күндері Әділет департаментіне хабарласуға болатындығы жөнінде «Antikor Kyzylorda» «Facebook»  әлеуметтік желісіне жарияланған.

Сондай-ақ, департаменттің мемлекеттік қызметшілері және сот орындаушыларымен «Халық заңгері» науқаны мен «Адал көмек» жобасы аясында ANTIKOR.LIVE жобасы арқылы онлайн режимінде азаматтарға құқықтық көмектер көрсетілді. Барлығы мемлекеттік қызметшілермен 7 рет тікелей эфир арқылы құқықтық түсіндірмелер жүргізілген.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау   мәселелері ағымдағы жылдың 05 ақпанында өткен алқа мәжілісінде қаралды. Сондай-ақ, аталған мәселелер аппараттық мәжілістердің күн тәртібіне тұрақты негізде қойылған.

  Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстар да жүргізілді. Барлығы жыл басынан бері 16 мемлекеттік қызметшіге жеке консультативтік көмек көрсетілді.        

Департамент басшылығымен  мамандарды қатыстыра отырып  «Nur Otan» партиясының филиалдарының ғимараттарында әділет органдарының басшыларымен қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп, қызметкерлермен заңгерлік кеңестер берілді.  

Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған. Бүгінгі күнге дейін жәшікке шағымдар түспеген. «Сенім телефоны» бойынша ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 31 азамат жүгінген, шағымдар енгізілмеген.

 Жалпы, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңнамаларының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 25 семинар, 5 дөңгелек үстел, 6 кездесу, 8 дәріс оқылды, сондай-ақ, 13 (басылым, интернет), әлеуметтік ресуртарында-7 жарияланым, 1 бейнеролик және 1 бейнесюжет орналастырылды. 9 «Ашық есік» күні өтті. 16 мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді.        

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы басты шарт болып табылатындықтан «Қызылорда-Қазақстан» облыстық телеарнасында және «Қоғам-ТВ» қалалық телеарнасында 6 сұхбат берілді. Әлеуметтік желілер арқылы сот актілерін орындау, тіркеу, әділет департаментінің негізгі бағыттары бойынша құқықтық онлайн түсіндірмелер жүргізу бойынша 54  тікелей эфирлер өтті.

Наурыз айында әділет департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қызылорда облысының Әділет департаментінің  «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында  атқарылған жұмыстары талқыланды. Кеңес мүшелері облыстық маслихат депутаты Г.Есқалиева және  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Исаева күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікір білдірді. Шара барысында әділет органдарының салалары бойынша халыққа құқықтық кеңестер беру жұмысын жалғастыру  бойынша ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес,  5 айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.  

Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, мас күйінде автокөлікті басқару деректері бойынша мәліметтер алынып отыр. 2021 жылдың 9 айында мас күйінде автокөлікті басқару фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдарға мониторинг жасау жұмыстары жүргізіліп отыр. 

Ай сайын еңбек режимінің сақталуы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін атқарушысымен мемлекеттік қызметшілер арасында мақсатты анонимді сауалнама жүргізілуде. Сауалнамалар нәтижесі ұжымдағы ахуалдың тұрақты екендігін көрсетті.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда 7 қызметкер оқытылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланып, сайтқа шығарылып отыр. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандырылған.

23 шілде күні  Әділет департаментінде  ZOOM платформасы арқылы ҚР  Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Т.Нұртаевтың  қатысуымен мемлекеттік қызмет заңнамасы, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен әдеп кодексі нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында  мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтамау салдары, тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша мысалдар келтірілді. Сонымен қатар семинарда департаменттің бөлім басшысы Э.Абдыкаликова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің мінез құлық стандарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарын сақтау мәслелері жайлы баяндап сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында насихат жұмыстарын күшейту керектігі айтылды.

Ағымдағы жылдың 23-қыркүйегінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі «Консультациялар күнін» «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде   өткізіп, тұрғындарға құқықтық қызмет көрсетті. Шараның мақсаты - халықтың заң тұрғысындағы сауаттылығын арттыру болып табылады.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық және қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде әр ай сайын Әділет департаменті басшысымен, басшы орынбасарларының және мемлекеттік қызметшілерімен қала тұрғындарына құқықтық заңгерлік кеңестер беріліп отырады.

Тамыз, қыркүйек айларында департамент басшысының орынбасарлары Ұ.Оразгелді және Б.Әлмешпен «Nur Otan» партиясы алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша «Әділет кеңес береді» тақырыбында онлайн қабылдаулар жүргізіліп, заңгерлік кеңестер берілді.

2021 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын бұзу, мемлекеттік қызметке кір келтіру фактілері орын алмаған. 

Дата публикации
26 октября 2021