Зияткерлік меншік саласы бойынша 2021 жылдың 9 айында
атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің (ДЭФЖБҚИ) «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту бойынша зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушы тұлғалармен, кәсіпкерлермен мекеме, ұйымдарда 185 ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 8 дөңгелек үстел, 32 семинар өткізіліп, 100 дәріс оқылды. Газеттерде 10 мақала жарияланып, 2 рет теле-радиодан сұхбат беріліп, құқық қорғау органдарымен 1 брифинг өткізілді. 3 бейнеролик жарияланып, 20 онлайн кеңестер, 12 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, атқарылған шаралардың 41-і Веб сайтта орналастырылды.
Сонымен қатар, ауданаралық әділет басқармалары зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылармен, құқық иегерлері, кәсіпкерлік палата өкілдерін қатыстырып, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимараттарында 4 «Ашық есік» күнін өткізіп, барлығы 17 азаматтың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Контрафакт» республикалық акциясын өткізу барысында Қызылорда облысы Әділет департаментімен 7 хабарландыру (веб-сайт, инстаграмм, фейсбук), 3 мақала жарияланып, 1 рет радиодан сұхбат берілді. «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасы арқылы 12 мамырдан 25 мамыр аралығында акция және конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру жарықтандырылды. Облыс бойынша «Контрафакт» республикалық акциясына қатысу туралы жоғарғы, арнаулы оқу орындары мен мектептерге, білім басқармаларына хабарландыру хаттары жолданды.
ҚР Әділет министрлігіне конкурсқа қатысуға ниет білдірген 22 тұлғаның жұмыстары (2 бейнеролик, 20 сурет) министрлікке жолданып, әлеуметтік желілерде жарияланды.
21.05.2021ж «Контрафакт» Республикалық акция аясында жергілікті мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, кәсіпкерлік субъектілері, ауданаралық Әділет басқармаларының қызметкерлерінің қатысуымен «Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.
12-30 мамыр аралығында авторлардың және құқық иеленушілердің, кәсіпкерлердің, құқық қорғау органдарының қатысуымен 3 семинар, 2 дөңгелек үстел, 3 «Ашық есік» күні өткізілді.
Қызылорда облысы Әділет департаменті мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан Меморандум аясында тұрақты түрде жергілікті кәсіпкерлер, кафе иелері мен сауда орындарында Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарының аясында «Адал» Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» РҚБ-нің жергілікті өкілі Ахметова Кульбарамның қатысуымен құқықтық түсіндірме жұмыстары, дәрістер өткізілуде.
2021 жылдың 9 айында зияткерлік меншік саласы бойынша заңды
және жеке тұлғалардан 2 арыз түскен, алайда Қазақстан Республикасы
Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес тексерілетін тұлғаға қатысты
тиісті мәліметтер көрсетілмеуіне байланысты, сонымен қатар 2019 жылғы 26
желтоқсандағы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында тексерулерге
және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге
мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес жоспардан тыс тексерулер
болған жоқ.