Қызылорда облысының Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілмен 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысының Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша және имидждік іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып келеді.
Бұл бағытта Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «NUR OTAN» партиясының облыстық филиалымен бірлескен жоспарға сәйкес, құқық қорғау органдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының, прокуратура органдарының өкілдерінің қатысуымен 73 семинарлар, дөңгелек үстелдер мен жиналыстар өткізіліп, жарияланымдар шыққан.
Құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері алқа мәжілісінде және апта сайын өтетін аппараттық мәжілістерде тұрақты түрде қаралып отыр.
Семинарларда мемлекеттік қызметшілерге шектеулер мен тыйым салулар, сондай-ақ, олардың заңмен белгіленген міндеттерін орындау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша фактілерді хабардар ету міндеттері, құқықбұзушылықтарды жасау салдарлары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында сыйлықтарды алуға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру шаралары әңгімелесу нысанында өткізілуде.
Жыл басынан бері әдеп жөніндегі уәкілмен 44 мемлекеттік қызметшіге жеке консультативтік көмек көрсетіліп, қызметкерлермен әңгімелесулер жүргізілді. 1 ауданға шығу арқылы семинар өткізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Әділет департаментінің қызметкерлеріне эмоциялық бағыт арқылы ықпал жасау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейнероликтер көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланып, радиода және теледидарда сұхбаттар беріліп тұрады. Жарияланымдар республикалық және жергілікті газет басылымдарында, сонымен қатар Facebook желістерінде, департаменттің веб-сайтында шығарылған (оның ішінде 9 мақала, 20 жариялым, 1 радио, 1 сұхбат).
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін арттыру бағытында ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторына, ЗК-169/5 мекемесі (жабық, аса ауыр жазасын өтеу) және ЗК-169/4 мекемесіне департаменттің қызметкерлері, сот орындаушылар мен ауданаралық Әділет басқармаларының басшылары барып, олардың жұмысымен танысып, сотталғандарға құқықтық көмек көрсету мақсатында іс-шаралар өткізілді.
Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен 42 «Ашық есік күні» өткізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы көрсетіліп отыр.
Атап айтқанда, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында департамент басшысының орынбасарларымен, сот орындаушылар мен департамент қызметкерлері және ауданаралық Әділет басқармалары басшылары мен қызметкерлері, нотариус, адвокаттар тарапынан халыққа онлайн режимінде - 15 құқықтық кеңестер берілді.
Сондай-ақ, Департаменттің бөлім басшылары және сот орындаушылармен «Халық заңгері» науқаны мен «Адал көмек» жобасы аясында ANTIKOR.LIVE жобасы арқылы онлайн режимінде азаматтарға құқықтық көмектер көрсетілді.
Ағымдағы жылдың маусым және қыркүйек айларында «Әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында департамент басшысының орынбасары Б.Әлмеш пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязовпен «Антикор» орталығында тікелей эфирлер өтті.
«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында құқықтық көмек көрсету бойынша 11 жеке қабылдаулар жүргізілді. Жобалық кеңсе аясында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және әдеп нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жұмыстары жайлы семинарлар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласының LED экранында Әділет департаменті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментімен бірлесе дайындалған бейнеролик жарықтандырылды. Сонымен қатар, департаментпен дайындалған бейнероликтер департаменттің ғимаратындағы кіре беріс фойеде орналасқан экран арқылы көрсетілуде.
Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда 9 қызметкер оқытылды.
Департамент басшылығымен мамандарды қатыстыра отырып «Құқық қорғау қызметтері орталығында» азаматтарды қабылдау жұмыстары, «NUR OTAN» партиясының филиалдарының ғимараттарында Әділет органдарының басшыларымен қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп, қызметкерлермен заңгерлік кеңестер берілді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жұмыстары офлайн және онлайн арқылы жүргізілуде.
Департаменттің сенім телефоны жайлы хабарламалар БАҚ арқылы жария етіліп және халыққа көрінетіндей жерлерде ақпараттар қойылған. Жыл басынан бері сенім телефонына 45 адам хабарласқан, олардың басымы сот актілерін орындау және тіркеу мәселелері бойынша сұрақтармен жүгінген.
Департаменттің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілініп, жадынамалар таратылды.
Ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, мас күйінде автокөлікті басқару деректері бойынша мәліметтер алынып отыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдарға мониторинг жасау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп, ұжымдағы ахуалдың қалыпты жағдайда екендігін көрсетті. Сауалнама нәтижесімен қызметкерлермен онлайн форматта жиналыс өткізілді.
Алдағы уақытта Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексі талаптарын сақтау бағытында жұмыстар тұрақты негізде жүргізіле береді.
Департамент басшысының
орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелді