Қызылорда облысы Әділет департаменті 2020 жылы «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Қызылорда облысы Әділет департаменті 2020 жылы

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында

атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі департамент ғимаратының бірінші қабатында орналастырылған, сондай-ақ, азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылып,  осыған сәйкес ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы жүргізілді.

 Департамент басшысы және орынбасарлармен, сот орындаушылар, департамент қызметкерлері және ауданаралық әділет басқармалары басшылары мен қызметкерлері, нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылар тарапынан  халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер берілді.

2020 жылдың маусым, қыркүйек, қараша айларында «Әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында департамент басшысының орынбасарларымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязовпен тікелей эфирлер өтті.

Кеңсе алаңында құқықтық көмек көрсету бойынша жеке қабылдаулар жүргізілді. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдері офлайн және онлайн режимдерінде қабылданды.

Сондай-ақ, бөлім басшылары және сот орындаушыларымен «Халық заңгері» науқаны мен «Адал көмек» жобасы аясында ANTIKOR.LIVE жобасы арқылы онлайн режимінде азаматтарға құқықтық көмектер көрсетілді.

         Сонымен қатар, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және әдеп нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жұмыстары жайлы семинарлар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Семинарларда мемлекеттік қызметшілерге шектеулер мен тыйым салулар, сондай-ақ, олардың заңмен белгіленген міндеттерін орындау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша фактілерді хабардар ету міндеттері, құқықбұзушылықтарды жасау салдарлары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы түсіндірмелер берілді.

          Сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланып,  қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланбау, автокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерге өзіне сын келтіретін суреттер мен жарияланымдар шығармау, қызметте киім киюдің стилін ұстану, сонымен қатар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, масаң күйде жүру фактілерін болдырмау, карантин тәртіптерін сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

            Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында сыйлықтарды алуға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру шаралары әңгімелесу нысанында өткізілді.

          Мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмектер берілді.  

         Қызметкерлерге эмоциялық бағыт арқылы ықпал жасау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейнероликтер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен көрсетілді.

Департамент әділет басқармалары базасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізуді тәжірибелеген болатын. 2020 жылдың ақпан айында әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы аясында әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы семинар өтті.  Семинарға «NUR OTAN» партиясының аудандық филиалының төрағасының орынбасары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалы бөлімшесінің қызметкерлері қатысып, пікір алмасты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы,  әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланып, радиода және теледидарда сұхбат беріліп тұрады. Жарияланымдар республикалық және жергілікті газет басылымдарында, сонымен қатар Facebook желістерінде, сайтта шығарылған.

          Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін арттыру бағытында қызметкерлерді тергеу изоляторларына апару жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторына департаменттің қызметкерлері, сот орындаушылар мен ауданаралық әділет басқармаларының басшылары апарылды.

Сонымен қатар, Департаменттің қызметкерлері Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 мекемесі (жабық, аса ауыр жазасын өтеу)  және ЗК-169/4 мекемесіне барып, олардың жұмысымен танысып, сотталғандарға құқықтық көмек көрсету мақсатында іс-шаралар өткізілді.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады. Барлығы жыл басынан бері 42 «Ашық есік» күні өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  Қызылорда қаласының LED экранында Әділет департаменті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментімен бірлесе дайындалған бейнеролик жарықтандырылды. Сонымен қатар,  бейнероликтер департаменттің ғимаратындағы экранда көрсетіліп отыр. Бейнероликтер  департаменттің инстаграммасы мен  Facebook желістерінде жарияланған.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталған. Барлық қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жайлы ақпараттар ілінген.

«Құқық бұзушылыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті бізбен бірге қалыптастыр!» қағидасын қолдай отырып,  мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша сенім телефондарына хабарласа алатындығы жөнінде департаменттен шығатын 50-ден астам құжатқа хабарлама орналастырылып бекітілді. Мәселен, азаматтарға берілген арыз-шағымдарының жауаптарына аталған хабарлама қоса жолданады. Бұл жөнінде бейнеролик түсіріліп, жергілікті телеарналарда жарықтандырылды. 

 Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын бұзу  фактілері болған жоқ.

Дата публикации