Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2026 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау бағытындағы атқарған жұмыс қорытындысы туралы

Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.

Аталған жоспарларда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына, сонымен қатар олардың құқықтарын қорғалуына қатысты іс-шаралар қамтылған.

Жоғарыда аталған жоспарлар бойынша орындалуы тоқсан сайын Әділет министрлігіне және Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкіліне есебі беріліп отыр.

«Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» қағидатына сәйкес ақпараттық-түсіндіру сипатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінің қатысуымен де бірнеше шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету мақсатында Болашақ университетінде «Заң үстемдігі – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А.Шагиров, Қызылорда облысы Әділет департаментінің мамандары Ж.Саткеева, Т.Қарабасов, Ш.Бегежанова қатысып,  Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа нормалары, олардың қоғам өміріндегі маңызы және азаматтардың құқықтары мен міндеттері және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері жайлы кеңінен түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша жауаптар алды.

Болашақ университет студенттеріне құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Әділет департаментінің мамандарының қатысуымен лекция өткізілді. Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңды құрметтеу жөнінде түсіндірме берілді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Әділет департаментінің ғимаратында жастарға мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен оған қойылатын талаптар түсіндірілген кездесу өтті. Семинар барысында жастарға мемлекеттік қызметке орналасудың жолдары, конкурсқа қатысу тәртібі және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттары түсіндірілді.

Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің м.а Н.Ительгиевамен ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша департамент қызметкерлерімен семинар өткізілді. Шара барысында ұжымда әдептілік пен өзара сыйластықты сақтау, әрбір қызметкердің пікірін құрметтеу, сыпайы қарым-қатынас жасау, бір-біріне қолдау көрсету және әдеп нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын-алу мәселелері сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасуға арналған конкурсқа "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінің порталы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылатындығы түсіндірілді. Аталған іс-шараға Әділет органдарының ардагерлері де қатысып өз кезегінде әдептілік нормаларын сақтау және өздерінің кәсіби тәжірбиелерімен бөлісті. Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің м.а Н.Ительгиевамен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды.

Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Ж.К.Баекеева “Әділет” партиясы Байқоңыр филиалы, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, “Ғарыш-инфрақұрылым” КММ және Байқоңыр қалалық архив филиалы қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Сонымен қатар, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған дінтану саласының мамандарымен де профилактикалық жұмыстар өткізіліп отыр.

         Атап айтқанда, 2026 жылғы 29 қыркүйекте Қызылорда облысының Әділет департаментінде қызметкерлер арасында семинар өткізілді.
Семинар барысында Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Ұ.Оразгелдіұлы іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Сонымен қатар, Қызылорда облысының Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы Б.Сарсенбайұлы қызметкерлердің өзінің діни нанымдарын таңдау еркіндігі, қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері жөнінде түсіндірмелер берді.

         Іс-шара барысында қатысушыларға аталған бағыттар бойынша қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, нотариаттық палаталар, жеке сот орындаушыларының палаталары, адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Әділет органдарының ашық есік күні», «Әділет кеңес береді» акциялары да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Әділет департаментінің ғимаратында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға сот орындаушылары мен нотариустар қатысып, тұрғындардың құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.

         «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді. Әлеуметтік акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа тегін заң көмегін көрсету. Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша еліміздің заң қоғамдастығының білікті өкілдерінен тегін консультация алуға мүмкіндік алды. Іс-шараға Әділет органдарының сала мамандары, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша кеңес берді. Тұрғындар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша мамандарға тікелей жүгінді. Мемлекеттік орган өкілдері азаматтардың көкейтесті сауалдарына толық жауап беріп, заң көмегін көрсетті.

         Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Бір күн – мың кеңес» құқықтық акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру және олардың құқықтарын қорғауға қажетті ақпарат ұсыну. Акцияға Әділет департаментінің сала мамандарымен қатар адвокаттар мен нотариустар қатысты. Мамандар азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында кеңестер берді.
Тұрғындар тарапынан банк шоттарының бұғатталуы, алимент өндіру, сенімхат рәсімдеу тәртібі және өзге де құқықтық мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, мәселені шешудің заңды жолдары айтылды. Сонымен қатар мамандар тұрғындарға Жаңа Конституция нормалары жайлы кеңірек ақпарат беріп, өзгертулері жайлы түсіндірді.

         Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ғимаратында атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық атқарушылық іс жүргізу күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Д. Жәнібеков, Қызылорда облысы Әділет бөлім басшысы А. Қосбергенова және жеке сот орындаушылары азаматтарды қабылдап, олардың атқарушылық іс жүргізуге қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Кездесу барысында азаматтардың мәселелері жеке қаралып, оларды шешудің заңнамада көзделген жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен түйткілді мәселелері назарға алынып, тиісті бағыт-бағдар берілді. Мұндай іс-шаралар атқарушылық іс жүргізу саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және халықпен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

          Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, Әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша БАҚ-да департамент басшылығы және қызметшілерінің мақалалары тұрақты түрде шығарылып, жарияланып отыр.

         Әділет департаментінің басшысы Б.Әлмештің «Мемлекеттік қызметшінің әдебі-қоғам айнасы» мақаласы 20.07.2026 жылы Ақмешіт жастары газетіне,  Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлының «Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауы-халық сенімінің кепілі» мақаласы 23.08.2026 жылы Halyk Line газетіне,  Әкімшілік бөлімінің бас маманы Н.Ительгиеваның 07.07.2026 жылы «Әдеп-қоғамдағы өзара сыйластықтың өлшемі» мақаласы, 29.08.2026 жылы Әкімшілік бөлімінің бас маманы Г.Джурабекованың «Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі»  мақаласы ZanMedia.kz газеттерінің ресми сайттарында жарияланды.

         2026 жылдың 27 тамызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы Т.Карабасов облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасында «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.   

         Департамент қызметкерлеріне семинар, дөңгелек үстел өткізу барысында жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп отырады.

         Департамент қызметкерлерімен мереке күндері қарсаңында өткізілетін жиналыстарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қатысты Әдеп кодексінің нормалары түсіндіріліп отырады.

         «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді  бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарда тұрақты түрде өткізіліп отыр.

         Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп отыр.

          Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жоспарлы негізде жалғасын таба береді.

 

Дата публикации
07 октября 2026