Қазақстан Республикасының 25 қазан – Республика күні қарсаңында Қостанай облысының Әділет департаментінде еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шара аясында қызметкерлер мен заң саласының өкілдерінің еңбегі аталып өтіп, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Сондай-ақ әділет органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Ерекше назар кәсіби дәстүрлерді сақтап, тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық әулеттерге аударылды. Мерекелік көңіл күйді Отанға және Қазақстанға деген сүйіспеншілікке арналған музыкалық және шығармашылық өнер көрсетілімдері толықтырды.
Еліміз өркендеп, бірлік пен береке әрдайым басты құндылықтарымыз болып қала берсін!
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 22 қазанда Әулиекөл ауданаралық аумақтық сот орындаушылары бөлімінің аға сот орындаушысы Т.В. Громова Әулиекөл ауданының адвокаты М. Қасымтаевамен және Әулиекөл ауданының нотариусы Б. Балахметовамен бірлесіп семинар форматында жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және оларды мәжбүрлеп орындату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерді талқылады. Теориялық мәселелерді талқылағаннан кейін бірден ашық қабылдау ұйымдастырылып, Әулиекөл ауданының тұрғындары сот актілерін орындау, алимент өндіру, аресттерді алып тастау, адвокаттық қорғау және нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша тегін білікті заң көмегін алды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында онлайн-сауалнама ұйымдастырылып, қабылдауға келген әрбір азамат арнайы QR-кодтың көмегімен сауалнамадан өтіп, өз пікірін қалдыра алды. Республика күні қарсаңында мұндай бірлескен акцияларды өткізу құқықтық институттардың ашықтығын көрсетеді және өңірдің әрбір тұрғыны үшін мемлекет кпілдік берген заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 20 қазанда «Бейімбет Майлиннің Ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімі» филиалы Рудный қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ұжымымен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі новеллаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Пресс-служба
Департамента юстиции
Костанайской области
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 21 қазанда Арқалық қаласында Арқалық қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалының басшысы Бердикулов Абзал Абдибекович халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Арқалық медициналық колледжі КМҚК студенттеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылық: алдын алу, қорғау және жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 21 қазанда Қостанай облысының Мансап орталығында «Еңбек қолдау» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Қостанай облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп қатысты.
Жәрмеңкеге 22 жеке сот орындаушысы, алименттік міндеттемелері бар 27 борышкер, сондай-ақ KST TRADE, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, ALLUR, KAMLIT, Шрақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.Іс-шараның барысында 6 борышкер жұмысқа орналастырылды, қалған борышкерлерге жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылып, тиісті жолдамалар берілді.Іс-шара алименттік міндеттемелері бар борышкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, алимент бойынша берешекті азайтуға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.Осындай іс-шараларды өткізу нәтижесінде 2026 жылдың 9 айында Қостанай облысында алименттік міндеттемелері бар 300-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Қостанай облысы Әділет департаментінің «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушылары Минкин Азамат Ертаевич пен Үсен Ерсұлтан Қанайұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1 және 4 курс студенттерімен кездесу өткізіп, дәріс оқыды.Дәріс барысында сот орындаушылардың қызметі мен атқару ісін жүргізу туралы студенттерге ақпарат жеткізді. Студенттер де өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға жауап алды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
2026 жылғы 17 қазанда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.Кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеудің маңыздылығы, брендті заңсыз пайдаланудан қорғау және өз құқықтарын қорғау шаралары туралы ақпарат берілді.
Өз құқықтарыңды білу — оларды қорғаудың алғашқы қадамы! Жүргізілген жұмыс кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Қостанай облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Әділет департаментінің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі Nomad Life сақтандыру компаниясының өкілін шақырып, кездесу ұйымдастырды.Кездесу барысында қызметкерлерге зейнетақы аннуитеті, оның шарттары мен зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
2026 жылғы 16 қазанда «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысы Әулекөл ауданында «Құқықтық көмек керуені» атты көшпелі іс-шара өтті.Іс-шараға Әулекөл ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің Громова Т.В, сондай-ақ прокуратура өкілдері, Нотариаттық палата мен Адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер мен түсініктемелер алды.
«Заң мен тәртіп» — құқықтық көмектің қолжетімділігі, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау!
Қостанай облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Онлайн форматта өткен кеңеске Қостанай облысының Әділет департаментінің басшылығы қатысты.Кеңестің күн тәртібінде 2026–2030 жылдарға арналған Әділет министрлігінің даму жоспарының орындалу барысы, ведомствоға 2026 жылға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде қайталама өтініштерді қарау жағдайы мәселелері қаралды.Сонымен қатар 2026 жылдың 9 айындағы Әділет департаменттерінің жұмысы қорытындыланып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.Кеңес қорытындысы бойынша Министр тиісті тапсырмалар берді.
Қостанай облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі