Контрафактілік өнімді жою

Контрафактілік өнімді жою

   2025 жылдың 13 ақпанында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен бірлесіп, «SKF» тауар белгісімен заңсыз таңбаланған 239 дана подшипникті жою рәсімін өткізді.

   Контрафакт өнімдері «АktiebolagetSKF» компаниясының өтініші бойынша жүргізілген тексеріс барысында тәркіленді. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен кәсіпкер ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 77 532 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі