
2024 жылдың 1 қазанында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова "Халықаралық қарттар күніне" орай аға буын өкілдерін қабылдады.
Қарттар күні-егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеу мен мойындаудың символы.
Барлық өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.
Азаматтарды қабылдау “халықтың уәжіне құлақ асу” мемлекет тұжырымдамасы аясында кері байланысты едәуір күшейтуге және азаматтардың сұраныстарына уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі