«KOSTANAY INVESTMENT FORUM 2024»

«KOSTANAY INVESTMENT FORUM 2024»

   Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова "KOSTANAY INVESTMENT FORUM 2024" инвестициялық форумының пленарлық отырысына қатысты. Іскерлік кездесу отандық, шетелдік бизнес, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және басқа да іскер топтар өкілдерінің қатарынан 500-ге жуық адамды біріктірді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

   Форум бағдарламасында агротрейдерлер үшін а/ш өнімдерін сатып алу және өткізу саласында жедел процестерді құру, ұлттық дәстүрлер арқылы гастрономиялық туризмді дамыту бойынша жұмыс істеп жатқан және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін іс-шаралар өткізу, металлургия және а/ш өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар ұсынылған.

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевт 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Жолдауында елімізде креативті экономиканың ауқымды дамуы үшін барлық жағдай жасауымыз керек екенін атап өтті. Әсіресе зияткерлік меншікті құқықтық құралдармен қорғау. Бұл маңызды мәселе. Зияткерлік меншік-бұл жабдық немесе технология сияқты мүлік.

   Қостанай облысы әлеуетті инвесторлар үшін сенімді серіктес ретінде жаңа бастамаларды іске асыруда жан-жақты қолдауға кепілдік береді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі