
Қостанай облысы әділет Департаментінің қызметкерлері 2023 жылдың 21 қыркүйек күні мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру, моральдық және патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында "Шекара" деректі драмасын тамашалау үшін "облыстық орыс драма театрына" барды.
"Шекара" - суық пен ыстыққа қарамастан, тәулігіне жиырма төрт сағат құқықтық тәртіпті, Отанымыздың шекарасын қорғайтындар туралы спектакль.
Спектакльдің эпизодтары шекарада қызмет ететін адамдардың нақты оқиғаларымен тоғытылған.
Әр қызметкердің оқиғасы өзінше ерекшеленді. Шекарада қару-жарақ пен есірткі тасымалдауға, елге заңсыз кіруге жол бермеді, ал олардың біреуі адам өмірін сақтап қалды. Осынысымен олар қызметте қырағылық пен кәсібиліктерін танытты.
Спектакль соңында актерлерге қошеметпен алғыс білдірілді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі