2023 жылдың 21 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы А.Аманжуловамен әлеуметтік іс санатындағы атқарушылық құжаттардың орындалуы және мемлекет кірісіне өндіріп алу сұрақтары бойынша Рудный қаласының жеке сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында атқарушылық құжаттарды орындаудағы туындайтын бірқатар сұрақтар талқыланды, көтерілген сұрақтар бойынша өзара пікір алысты, ЖСО ұсыныстары қаралды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі