«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

       21 маусым 2023 жылы  Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысы А.Сыздыкова, мемлекеттік сот орындаушысы А.Бердикуловтың қатысуымен халықтың құқықтық сауатылығын арттыру, зияткерлік меншікті қорғау сұрақтары бойынша қала халқына  «Ашық есік күнін» өткізді.

        Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауатылығын арттыру, азаматтарға оларды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету, зияткерлік меншікті қорғау, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу тәртібін түсіндіру.

        Сонымен  қатар  іс шара барысында құқықтық кеңес беріліп  азаматтарға тәулік  бойы  құқықтық  кеңестер  алу  мүмкіндігі  туралы  және  ҚР ӘМ  119  нөмері бойынша   кеңінен түсіндірілді.

        Іс-шара соңында қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Арқалық қаласының  ауданаралық  әділет басқармасы