Апостиль қоюға құжаттарды қабылдау бойынша семинар

Апостиль қоюға құжаттарды қабылдау бойынша семинар

2023 ж. 01.03. Әділет Департаменті тіркеу қызметі саласындағы  әдістемелік қамтамасыз ету  және бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» филиалының аудандық, қалалық бөлімдерінің   инспекторларына апостиль құжаттарың қабылдау жағдайы туралы оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында инспекторларға Қостанай облысы Әділет Департаментінің ресми құжатың апостилдеу мемлекеттік қызмет көрсету туралы, заңнама нормалары тәртібі мен қабылдау құжаттарының регламенті туралы түсініктеме берілді.

Құжатарды электронды үкімет порталы арқылы қабылдау ретін  түсіндіруге баса  назар  аударылды.

Сонымен  қатар, семинар барысында АХАТ бағыты  бойынша  сұрақтар  талқыланды.

Баспасөз қызметі
Әділет департаментінің
Қостанай облысы