
2022 жылғы 29 қыркүйекте Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының адвокаттарымен бірлесіп Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында консультация өткізді.
Іс-шараны өткізу барысында Мемлекет кепілдік берген заң көмегі саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді, сондай-ақ берілген мәселелер бойынша құқықтық кеңес берілді.
Баспасөз қызметі
Әділет департаменті
Қостанай облысы