Ашық есік күні

Ашық есік күні

     

     Қостанай облысының Әділет департаменті мен Қостанай облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында және Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігі индексінің «Даулы істерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша, Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысымен  2022 жылдың 2 ақпан күні  «Зияткерлік меншік  құқығы сұрақтары бойынша қала халқын қабылдау жүргізіліп, «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл шараның өткізілу мақсаты, тауарлық белгілерді қорғау қалай жүзеге асырылатыны, заңсыз тауарлық белгілерді қолдану қандай зардапқа әкелетіні, Қазақстан Республикасында тауарлардың шығу орындарының атаулары және оларды тіркеу тәртібі сұрақтары бойынша түсіндіру.

Сонымен қатар іс-шара барысында құқықтық кеңес беріліп азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңестер алу мүмкіндігі туралы және ҚР ӘМ сайтында 119 телефон нөмері бойынша кеңінен түсіндірілді.

Жүгінген қаланың 2 азаматына қызығушылық білдірген тауар белгілері туралы сұрақтарына жауаптар мен кеңестер берілді.                                       

                                    Арқалық қаласының ауданаралық

әділет басқармасы.