
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 21 қаңтарында құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Балгуль Кудесова және Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ксения Горячая қатысуымен Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова азаматша А.-ны атқарушылық іс жүргізу мәселесі бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында өтініш берушіге сот актілерін орындау тәртібі, орындау өндірісіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оның заңды мүдделерін қорғаудың мүмкін жолдары туралы түсініктеме берілді.
Қызметкерлер қолданыстағы заңнама аясында кеңес беріп, туындаған жағдайды реттеу үшін келесі әрекет алгоритмін түсіндірді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі