2022 жылғы 30 қыркүйекте әділет органдарының қызметкерлері біздің Республикамыз Тәуелсіздік алған сәттен бастап кәсіби мерекесінің 30 жылдығын атап өтеді.
Әділет органы өз құзыреті шегінде мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің атқарушы тармағына жатады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын, жеке сот орындаушысы қызметімен, нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізетін облыстардың Әділет департаменттері аумақтық әділет органдары болып табылады.
Сондай-ақ, аумақтық әділет органдарының функцияларына атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да функциялар кіреді.
Қостанай облысы Әділет департаментінің штатында 60-тан астам адам еңбек етеді.Үш қызметкер С.К.Алишева, Г.Ж.Исмагулова және Г.О.Ахметова әділет саласында 25 жылдан астам қызмет етіп келеді, іс жүзінде қалыптасудың бастауында тұрды және бүгінгі күнге дейін өзінің лауазымдық міндеттерін мінсіз атқарып келеді.
Барлық әріптестерімізді Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!Сіздерге шын жүректен гүлдену, алға қойылған міндеттерді іске асыру, мансаптық өсу, жаңа тәжірибе мен жаңа таңғажайып ашылулар, ең бастысы, біз өз қызметімізді атқаратын азаматтардың мойындауы мен мақұлдауын тілейміз.
Қостанай облысы Әділет департаментінің
Әкімшілік-құқықтық бөлімі