Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның азаматтық парызы!

Сыбайлас  жемқорлық – қазіргі  заманғы   қоғамның  аса  бір  көкейтесті  мәселелерінің  бірі.  Кез-келген  дамыған  қоғамда  жемқорлыққа қарсы  күрес  жүргізу  бірден-бір  күрделі  және  маңызды  мәселе. Жемқорлық  мемлекетті  ішінен құлдыратады,  кәсіпкерлікті  және  азаматтардың  іс-әрекеттерін  бәсеңдетеді,   қоғамдағы  тұрақтылыққа зиян  келтіреді.

         Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев  сыбайлас  жемқорлықтың  ауқымы  мен  салдарын  нақты  бағалап,  осы қауіпті  құбылысқа  қарсы  тұруды  басты  мақсат  етіп  айқындады.  Сондықтанда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұру  біздің  еліміздің  мемлекеттік  саясатының маңызды  стратегиялық  басымдығы  ретінде  қаралады. Соңғы  жиырмажылдықта елімізде сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұру  саласында  айтарлықтай  құқықтық база  қалыптастырылды.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Орталық  Азия  өңірінде  ғана емес,  тұтастай алғанда  ТМД бойынша  да  жемқорлыққа қарсы  неғұрлым мықты  дамыған  заңнамасы  бар  ел  болып табылады.

         «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  туралы»  Заңын  қабылдау  және  бірқатар  заңнамалық  актілерге  тиісті  түзетулер  енгізу  сыбайлас  жемқорлық  көріністерінен  туындайтын  қауіптен   Қазақстан  Республикасының  ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,   азаматтық  қоғамның  және  бизнестің  күш  қуатын  пайдалануға  және  мемлекеттік  аппараттың тиімділігін  арттыруға мүмкіндік  береді.

Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.

Сонымен қатар демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді.

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысы  Қазақстан халқына  жолдаған  әр Жолауында жемқорлыққа  қарсы күресті  күшейтуге  баса назар аударады.  Әлемдегі  даму  әлеуеті  жоғары  30 елдің  санатына қосылу  үшін   еліміздегі жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  тиімділік  сапасын көтеру  қажеттігін,   бұл  ретте  2015-2025  жылдарға  дейінгі  кезеңге  арналған сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  стратегиясын  да қабылдады.

Сондықтан  еліміздің  ұзақ  мерзімді  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   іс-қимылдың   белсенді  саясатын,  тек  мемлекеттік  органдар  емес,  ел-жұрт  болып  жалғастыру  керек  және  баршаның  азаматтардың  парызыекенінұмытпауымыз  керек.

Арқалық  қаласының  ауданаралықәділет басқармасы

Дата публикации
03 августа 2021
Дата обновления
03 августа 2021
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы